Шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша үкіметтік кепілдіктерді атқару кезінде пайда болған республикалық бюджеттің мерзімі өткен талаптарын сыныптау жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 15 мамыр N 64-ө

 


     Шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджет

алдындағы берешегін (оның ішінде мерзімі өткен) оңтайландыру мақсатында:

     1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік емес сыртқы

заемдар бойынша үкіметтік кепілдіктерді атқару кезінде пайда болған

республикалық бюджеттің мерзімі өткен талаптарын сыныптау жөнінде мына

құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Аханов Серік Ахметжанұлы   - Қазақстан Республикасының

                                  Қаржы вице-министрі, жетекші


     Уәйісов Мерей Құрманұлы    - Қазақстан Республикасының

                                  Әділет вице-министрі


     Бектасов Әбен Ағыбайұлы    - Қазақстан Республикасының

                                  Мемлекеттік кіріс вице-министрі


     Айтжанов Дулат Нүліұлы     - Қазақстан Республикасының

                                  Ауыл шаруашылығы вице-министрі


     Жолдыбаева Сәуле           - Қазақстан Республикасының

     Мұсақызы                     Энергетика, индустрия және

                                  сауда вице-министрі


     Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының

                                  Көлік, коммуникациялар және

                                  туризм вице-министрі


     Жақсылықов Тимур           - "Қазақстан Эксимбанкі" жабық

     Ермекұлы                     акционерлік қоғамы басқармасы

                                  төрағасының орынбасары

                                  (келісім бойынша)


     Сартбаев Медет Мақсұтұлы   - Қазақстан Республикасының

                                  Қаржы министрлігінің

                                  Мемлекеттік борыш және

                                  несиелендіру департаментінің

                                  директоры, комиссия хатшысы


     2. Жұмыс тобы 1999 жылғы 19 мамырға дейін:


 
       1) шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік емес сыртқы

 

заемдар бойынша үкіметтік кепілдіктерді атқару кезінде пайда болған

республикалық бюджеттің мерзімі өткен талаптарына сыныптау жүргізсін;

     2) Қазақстан Республикасы Үкіметіне заңдарда белгіленген

тәртіппен жарғылық капиталға мемлекеттік 100 проценттік қатысуымен

лизингтік компания құру жөніндегі шешімнің жобасын енгізсін.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.


     Премьер-Министрдің

     міндетін атқарушы


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.       

""





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады