Студенттер мен оқушы жастар арасындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 2 шілде N 89-ө

      Студенттер мен оқушы жастар арасындағы ахуалды тұрақтандыру және студенттердiң материалдық және әлеуметтiк қорғалуын одан әрi нығайту мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi:
      бөлiнген бюджеттiк қаражаттың стипендияларды төлеудiң басымдығын ескере отырып пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
      жатақханаларда студенттердiң тұруы үшiн қалыпты санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етсiн, жаз кезiнде жатақханаларды жөндеудi ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi екi апта мерзiмде студенттер мен жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердi iшкi тауар өндiрушiлердi қолдау желiсi бойынша несиелер бөлiнiп келген, не өнеркәсiптiк саясатты iске асыру барысында өзгедей қолдау көрсетiлiп келген кәсiпорындарға уақытша жөне тұрақты еңбекке

 

орналастыруды ұйымдастыру жөнiнде нақты ұсыныстар енгiзсiн.

     3. Облыстардың, Астана жөне Алматы қалаларының әкiмдерi:

     аз қамтылған студенттердi қызмет көрсететiн және жұмысшы

кәсiптерiне еңбекке орналастыру жөнiндегi жұмыспен қамту орталықтарын

ұйымдастырсын;

     студент жастар үшін жазғы уақытта қоғамдық жұмыстар жүргiзудi

ұйымдастырсын.


     Премьер-Министр


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады