1999 жылғы 9 маусымда Мемлекет басшысында болған кеңестің N 01-9/7
хаттамалық шешімін орындауды ұйымдастыру мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Солодченко Роман - Қазақстан Республикасы
Владимирович Экономикалық жоспарлау жөніндегі
агенттігінің төрағасы, жетекші
Ертілесова Жаннат - Қазақстан Республикасының Қаржы
Жұрғалиқызы бірінші вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Әбітаев Есберген - Қазақстан Республикасының
Әбітайұлы Энергетика, индустрия және
сауда бірінші вице-министрі, жетекшінің
орынбасары
Сәрсенбай Нұрлан - Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Бектасов Әбен - Қазақстан Республикасының
Ағыбайұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Нұрқиянов Төлеухан - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мұратқанұлы шаруашылығы бірінші вице-министрі
Құзытбаева Ажар - Қазақстан Республикасының Көлік,
Қилымбекқызы коммуникациялар және туризм
вице-министрі
Ауанов Мырзахмет - Қазақстан Республикасының Еңбек
Қожахметұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Дәмитов Нұрдин - Қазақстан Республикасының
Базарұлы Инвестициялар жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Құрманғалиев Серік - Қазақстан Республикасының Табиғи
Шолпанқұлұлы монополияларды реттеу және
бәсекені қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының орынбасары
Сағынтаев Бақытжан - Қазақстан Республикасының Шағын
Әбдірұлы бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары
Котлов Андрей - Қазақстан Республикасының Әділет
Николаевич министрлігі Заңдар және халықаралық
құқық департаментінің директоры
Зверьков Вадим - Қазақстан Республикасының
Павлович Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық экономикалық
ынтымақтастық департаментінің
директоры
2. Жұмыс тобы министрліктердің, агенттіктердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынған материалдарын қарасын, 1999 жылдың 20 шілдесіне Үкіметтің қарауына Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралардың жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін.
3. Үкіметтің Бағдарламасы мен Іс-шараларының жоспары үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығының ішінде іске асырылатын және 2000 жылға ұсынылатын жедел шаралардың тізбесін қамтуы тиіс деп белгіленсін.
4. Мемлекеттік органдардың басшылары жұмыс тобының мүшелерін 1999 жылдың 12-19 шілдесінде осы өкімнің 2 және 3-тармақтарына сәйкес материалдарды дайындау үшін Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігіне іс-сапарға жіберсін.
5. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен жұмыс үшін орталық және
жергілікті мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға рұқсат етілсін.
6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.