Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 26 маусымдағы N 165 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 10 шілде N 102-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық

 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің қызметін жетілдіру жөніндегі

кейбір шаралар туралы" 1999 жылғы 26 маусымдағы N 165 


U990165_


  Жарлығын

іске асыру мақсатында:

     1. Мына құрамда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің қайта ұйымдастырылатын Мемлекеттік шекара күзеті күштері мен

жекелеген ұйымдарының істері мен мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің қарауына беру жөнінде комиссия құрылсын:


     Елубаев Бауыржан          - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Ысқақұлы                    қауіпсіздік комитеті төрағасының

                                 орынбасары, төраға (келісім бойынша)


                  Комиссияның мүшелері:


     Әбілғазин Данияр         - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Рүстемұлы                  вице-министрі - Қаржы министрлігі

                                Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

                                комитетінің төрағасы


     Бұзыбаев Тоқтасын        - Қазақстан Республикасы Ұлттық

     Ысқақұлы                   қауіпсіздік комитетінің Шекара

                                қызметі директорының міндетін

                                уақытша атқарушы


     Ертаев Бақытжан          - Қазақстан Республикасының Қарулы

     Ертайұлы                   Күштері Бас штабының бастығы -

                                Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары



     Иванова Наталья          - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Николаевна                 министрлігінің Бюджет департаменті

                                құқық қорғау органдарының қорғаныс

                                кешені басқармасының бастығы


     Танкеев Серікхан         - Қазақстан Республикасының

     Әлиханұлы                  Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының бас

                                сарапшысы (келісім бойынша)



 
       2. Комиссия 1999 жылдың 20 тамызына дейін тиісті мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі жұмысты аяқтауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 4-тармағырың 1), 2) тармақшаларын орындау жөнінде ұсыныс әзірлесін және Үкіметке енгізсін.
      4. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының

 

5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Әскери институтын қаржыландыруды

қамтамасыз етсін.

     5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр





    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады