Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің қызметін жетілдіру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 26 маусымдағы N 165 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
      1. 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік шекара күзеті күштерін, оның мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру жолымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік шекара күзеті күштері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі болып;
      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекара командалық училищесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты болып қайта ұйымдастырылсын. 
       2. 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры басқарады;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі екі айлық мерзімде, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауына осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекара күзеті күштерінің және ұйымдардың, оның ішінде Жоғары шекара командалық училищесінің, 1997 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерінде болған әскери- медициналық мекемелердің, авиациялық бөлімдердің және оларды қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамын, штат санын, сондай-ақ үйлерін, ғимараттарын, көліктерін, материалдық, техникалық құралдарын, қару-жарақтарын және басқа да материалдық және қаржы ресурстарын берсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданылып жүрген актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар;
      2) қолданылып жүрген заң актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыныстар әзірлесін және қарауға енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) берілетін әскери-медициналық мекемелерді, авиациялық бөлімдерді және оларды қамтамасыз ету бөлімшелерін ескере отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастырылатын Мемлекеттік шекара күзеті күштерін, Жоғары шекара командалық училищесін ұстауға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институтының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      6. Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ереженің жобасын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі әскери қызметшілерінің, жұмысшыларының және қызметшілерінің штат санының лимиті жөнінде ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға ұсынсын.
      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады