Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы баяндаманы дайындау жөніндегі жұмыс тобы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 18 қазан N 148-ө

 


     Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6-тармақшасына және

"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы

Конституциялық заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан

Республикасының Парламентіне ұсыну үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің

бағдарламасы туралы баяндаманы дайындау мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Күлекеев Жақсыбек          - Қазақстан Республикасының

     Әбдірахметұлы                Экономика министрі, жетекші


     Нұрпейісов Қайрат          - Қазақстан Республикасы

     Айтмұхамбетұлы               Мемлекеттік кіріс вице-министрі,

                                  жетекшінің орынбасары


     Аханов Серік               - Қазақстан Республикасының

     Ахметжанұлы                  Экономикалық жоспарлау

                                  жөніндегі агенттігі төрағасының

                                  орынбасары


     Жолдыбаева Сәуле           - Қазақстан Республикасының

     Мұсақызы                     Энергетика, индустрия және сауда

                                  вице-министрі


     Кәрібжанов Қайрат          - Қазақстан Республикасы Көлік,

     Сәлімұлы                     коммуникациялар және туризм

                                  вице-министрі


     Құзытбаева Ажар            - Қазақстан Республикасы Әділет

     Қилымбекқызы                 вице-министрі


     Жәмішев Болат              - Қазақстан Республикасы Қаржы

     Бидахметұлы                  вице-министрі


     Бисембетов Ескендір        - Қазақстан Республикасы Ұлттық

     Қалыбекұлы                   Банкі төрағасының орынбасары

                                  (келісім бойынша)


     Жолдасбаев                 - Қазақстан Республикасының

     Сансызбай Елеусізұлы         Статистика жөніндегі агенттігі

                                  төрағасының орынбасары


     Смирнов Анатолий           - Қазақстан Республикасы Сыртқы

     Владимирович                 істер вице-министрі


     Ауанов Мырзахмет           - Қазақстан Республикасы Еңбек

     Қожахметұлы                  және халықты әлеуметтік қорғау

                                  вице-министрі


     Лекер Қуандық              - Қазақстан Республикасы

     Ахметұлы                     Денсаулық, білім және спорт

                                  вице-министрі


     2. Жұмыс тобы:


 
       "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" баяндаманың жобасын дайындасын және 1999 жылдың 1 қарашасына дейін Үкіметтің қарауына ұсынсын;
      баяндаманың жобасын дайындау үшін оған арнаулы атқарушы органдардың

 

мамандарын тарту және қажетті материалдарды алу құқығы берілсін.

     3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы

органдарының басшылары:

     1999 жылғы 22 қазанға дейін Үкіметтің 2000-2002 жылдарға арналған

бағдарламасының жобасын енгізу үшін өз ұсыныстарын жұмыс тобына тапсырсын;

     жұмыс тобының талабы бойынша қажетті мамандар дереу жіберілсін және

қосымша сұралған материалдар берілсін.


     Премьер-Министр



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.        








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады