1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері жұмысының Үлгі кестесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, министрліктер мен агенттіктер өз жұмыстарын жоспарлау кезінде көрсетілген Үкімет мүшелері жұмысының Үлгі кестесін басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 наурыздағы N 49 R980049_ және 1999 жылғы 15 қазандағы N 147 өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
13 қарашадағы
N 157-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері
жұмысының Үлгі кестесі
Әрбір айдың - Әкімдердің күні - аймақтардың әкімдерін қабылдау
үшінші аптасы: және олармен аймақтық проблемаларды шешу
жөніндегі жұмыс
сәрсенбі
бейсенбі
жұма
Дүйсенбі - Министрлердің күні - Үкімет басшылығының орталық
атқарушы органдардың басшыларын қабылдауы
Сейсенбі - Үкіметтің күні - Үкіметтің мәжілістерін,
Премьер-Министрде кеңестер өткізу
Сәрсенбі - Кеңестер күні - Премьер-Министрдің орынбасарлары
мен Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында
кеңестер өткізу
Айдың әрбір бірінші және төртінші сәрсенбі -
Қазақстан Республикасында тіркелген елшілерді
қабылдау.
Премьер-Министр Кеңсесінің қоғамдық қабылдау
бөлмесінде азаматтарды қабылдау (кесте бойынша)
Бейсенбі - Алқа күні - орталық атқарушы органдарда алқа
мәжілістері мен кеңестер өткізу
Жұма - Қабылдау күні - азаматтарды қабылдау.
Айдың әрбір бірінші жұмасы - Парламенттің
депутаттарын қабылдау.
Айдың әрбір екінші және төртінші жұмасы -
Үкіметте аймақтармен селекторлық кеңестер
өткізу.
Айдың әрбір үшінші жұмасы - Үкімет мүшелерінің
ұлттық компаниялар мен республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын
қабылдауы.
Сенбі - Бақылау күні - Бақылаудағы құжаттармен жұмыс.
Кадрлардың оқуы. Премьер-Министрдің Кеңсесінде
жұмыстық кеңестер өткізу.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.