Жеңіл және тамақ өнеркәсібі ұйымдарын қолдау жөніндегі одан арғы шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 29 қараша N 168-ө

 


     Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі

Қазақстан халқына Жолдауында көзделген отандық тауар өндірушілерді қолдау

жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру және импортты алмастыру

бағдарламасын әзірлеу мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Школьник Владимир       - Қазақстан Республикасының

     Сергеевич                 Энергетика, индустрия және

                               сауда министрі, жетекші


     Күлекеев Жақсыбек       - Қазақстан Республикасының

     Әбдірахметұлы             Экономика министрі


     Келімбетов              - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Нематұлы           Стратегиялық жоспарлау жөніндегі

                               агенттігінің төрағасы

                               (келісім бойынша)


     Смайылов Әлихан         - Қазақстан Республикасының

     Асқанұлы                  Статистика жөніндегі агенттігінің

                               төрағасы


     Жуланова Людмила        - Премьер-Министр Кеңсесінің

     Аркадьевна                Өндірістік бөлімі секторының

                               меңгерушісі


     Есентүгелов Арыстан     - "Экономикалық зерттеулер институты"

     Есентүгелұлы              республикалық мемлекеттік

                               кәсіпорнының бас директоры

                               (келісім бойынша)


     Жолдасбеков             - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Скандарбек                индустрия және сауда министрлігінің

     Өмірбекұлы                "Машина жасау" көпсалалы

                               ғылыми-технологиялық орталығының директоры


     Шарманов Төрегелді      - Қазақстан Республикасы Білім және

     Шарманұлы                 ғылым министрлігі тамақ

                               институтының директоры


     Дауранов Шәміл          - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Әбділұлы                  индустрия және сауда министрлігінің

                               департамент директоры


     Усманова Фахра          - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Анасовна                  индустрия және сауда министрлігінің

                               департамент директоры


     Марзилович Ольга        - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Алексеевна                индустрия және сауда министрлігі

                               департамент директорының орынбасары


     Марков Валерий          - "Экономикалық зерттеулер институты"

     Диевич                    республикалық мемлекеттік

                               кәсіпорнының бөлім меңгерушісі

                               (келісім бойынша)


     Сағынтаев Бақытжан      - "Шағын бизнесті дамыту қоры" жабық

     Әбдірұлы                  акционерлік қоғамының басқарма

                               төрағасы (келісім бойынша)


     Рыспанов Нұрлан         - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Бектасұлы                 индустрия және сауда министрлігінің

                               департамент директоры


     2. Жұмыс тобы:


 
       жеңіл және тамақ өнеркәсібі ұйымдарын қолдау жөніндегі шаралардың жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовтің қарауына енгізсін;
      белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың және өзге де

 

ұйымдардың мамандарын жұмысқа қатыстыру үшін тарту құқығы берілсін;

     өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының орталық және

жергілікті атқарушы органдарынан қажетті ақпаратты сұратып алу құқығы

берілсін;

     2000 жылдың 1 наурызына дейін мерзімде импортты алмастыру

бағдарламасының жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан

Республикасының Үкіметіне енгізсін.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.


     Премьер-Министр




    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.          





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады