Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 1 және 4-тармақтарын ресми түсіндіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 2001 жылғы 8 маусым N 8. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 Қаулысымен

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08.  N 9  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I.Өкеев, Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, мыналардың: 
      өтiнiш субъектiсiнің өкiлi - әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың; 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының және мәжiлiсiнің депутаттары Ф.И.Добрышин мен Ж.Н.Әбдиевтiң қатысуымен, 
      өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы  K951000_  61-бабының 1 және 4-тармақтарын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады. 
      Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Кеңес мүшесi В.Д.Шопиндi және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: 
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2001 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 1 және 4-тармақтарын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi. 
      Өтiнiш субъектiсi, аталған конституциялық нормаларды ресми түсiндiрумен қатар, келесi сұрақтарға жауап берудi өтiнедi: 
      1) Үкiмет және Парламент депутаттары Мәжiлiске енгiзген заң жобаларына Парламент Палаталары өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқығы бар ма; 
      2) егер Парламент депутаттары мұндай құқыққа ие болса, онда түзетулер қандай көлемде енгiзiлуi мүмкiн және олар қаншалықты елеулi бола алады; бұл түзетулердi жаңа заң шығару бастамасынан қалай шектеуге болады? 
      Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 1 және 4-тармақтарын ресми түсiндiру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескередi. 
      Конституцияның 61-бабы 1-тармағында, заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады, деп белгiленген. Бұл тармақтың конституциялық нормаларын, заңның жобасын Республика Парламентiнің қарауына Сенаттың, Мәжiлiстің депутаттары және Республика Үкiметi енгiзе алады, деп түсiну ләзiм. "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның  Z952529_  15-бабы 1-тармағында заң шығару бастамашылығы құқығы, субъектiнің Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттің өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi, деп айқындалады. 
      Заң шығару бастамасының тек қана Мәжiлiсте iске асырылуы, Конституцияның  K951000_  56-бабы 1) тармақшасына сай, заң жобасын қарауға қабылдау Парламенттің тек осы Палатасының қарауына жатқызылғанын және Сенаттың оны жүзеге асыра алмайтынын бiлдiредi. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбi жоғарыда аталған Конституциялық заңмен және Мәжiлiстiң Регламентiмен белгiленедi. Заң жобасы Мәжiлiстің пленарлық отырысында оның депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен қарау үшiн Палата отырысының күн тәртiбiне енгiзiлуi не оның үстiнен жұмысты жалғастыру үшiн Палата комитетiне (комитеттерiне) жiберiлуi, немесе қабылдамау негiздерi дәлелдене отырып, заң шығару бастамасы субъектiсiне қайтарылуы мүмкiн. 
      Заң жобасын Мәжiлiсте қарау кезiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай тұжырым, Парламент пен оның Палаталарының заң шығару функциясын жүзеге асыру жөнiндегi мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн Конституция нормаларынан, сондай-ақ әрбiр депутаттың, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы"  Z952529_  Конституциялық заңның 25-бабы 10) тармақшасымен белгiленген, заң жобаларына түзетулер енгiзуге құқығынан келiп шығады. Одан тыс, "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  Z970101_  29-бабы 6) тармақшасы, енгiзiлген заң жобаларының мәтiнiн өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша ұсыныстар дайындауды Палаталардың тұрақты комитеттерiнің өкiлеттiгiне қосады. Демек, заң жобасын Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлдау (Конституцияның 61-бабы 4-тармағы), олардың бастама жасалған заң жобасымен ғана емес, қарау процесiнде оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулармен де келiсетiнiн бiлдiредi. 
      Конституцияның 61-бабы 4-тармағы заң шығару процесiнiң Мәжiлiс заң жобасын мақұлдағаннан кейiн келетiн кезеңiн регламенттейдi. Сенатқа берiлген заң жобасы алпыс күннен аспайтын мерзiмде қаралады, және Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ол қабылданған жағдайда заңға айналып, он күннiң iшiнде Президенттің қол қоюына берiледi. Осы тармақпен заң жобасын қабылдамау рәсiмi де көзделген, бұл орайда, Сенат қайта қабылдамаған кезде оны осы сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды, деп белгiленген. 
      Конституцияның 61-бабы 5-тармағына сай, Мәжiлiс мақұлдаған заң жобасына Сенат өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге хақылы. Сенат ұсынған түзетулердi келiсу тәртiбi Конституцияның, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық  Z952529_  заңның нормаларымен, Парламенттің, Сенаттың және Мәжiлiстiң регламенттерiмен белгiленген. Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмi арқылы шешiледi. 
      Конституция нормалары және Парламенттегi заң шығару процесiн регламенттейтiн заң актiлерi, қаралып отырған заң жобасына Палаталар енгiзетiн түзетулердің көлемi мен шектерiн белгiлемейдi. Конституция (61-баптың 6-тармағы), заңдардың жобасы мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн жағдайда ғана Республика Үкiметiнiң оң қорытындысын алу қажеттiгi туралы талапты белгiлейдi. Бұл конституциялық қағида заң жобасын Мәжiлiске енгiзу кезеңiн де, оны Парламент Палаталарында қарау процесiн де қамтиды. 
      Заң шығару бастамасы субъектiлерi ретiнде Үкiмет және Парламент депутаттары, өздерi енгiзген заң жобасының қағидаларын жұмыс топтарында, тұрақты комитеттерде, Палаталардың пленарлық отырыстарында қарау кезiнде қорғай алады. 
      Егер заң шығару бастамасы субъектiсi, депутаттардың (Палаталардың) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi нәтижесiнде заң жобасының тұжырымдамасы және өзге де айтарлықтай сипаттамалары өзгередi деген тұжырымға келетiн болса, онда ол енгiзiлген жобаны қараудың кез келген кезеңiнде керi шақырып алуға хақылы. Оның мұндай құқығы Сенат пен Мәжiлiстiң регламенттерiмен бекiтiлген. 
      Конституцияның 61-бабы 7-тармағымен, Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы деп көзделген. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс Конституциямен белгiленген қажеттi дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi. 
      Осылайша, Конституцияның және Республика заңдарының нормалары, заң шығару функциясын жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган ретiнде Парламентке де, заң жобаларының бастамашылары - Үкiмет пен депутаттарға да, заң шығару процесiнде өзара келiсiп iс-қимыл жасауын қамтамасыз ететiн жеткiлiктi өкiлеттiк бередi. Сонымен бiрге, заң шығарушы орган ретiнде Парламент заңдарды өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде көпшiлiк дауыспен, ал Конституциямен көзделген реттерде - әр Палата депутаттары жалпы санының айқындалған көпшiлiк даусымен қабылдайды. Қабылданған заңдар, Конституцияның 45-бабы 3-тармағына сай, олардың заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының алдын ала қолдары қойылып тиянақталады. 
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының  U952737_  17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 1-тармағының нормаларын, Қазақстан Республикасының Парламентiне заң жобасын енгiзу құқығы Парламент депутаттары мен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғана берiлген, және бұл құқық тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады, деп түсiну ләзiм. 
      2. Республика Конституциясының 61-бабы 4-тармағының нормаларын, өтiнiш мәселесiне қатысты қолданыста, Мәжiлiстiң заң жобасын қарауы мен мақұлдауы, оны Сенатқа беру үшiн дайын деп тануын білдiредi, деп түсiну ләзiм. Заң жобасын Мәжiлiстің, содан кейiн Сенаттың пленарлық отырыстарында қарау кезiнде, оған тұрақты комитеттер мен әр Палата депутаттары ұсынған, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Парламенттегi заң шығару процесiн регламенттейтiн Конституция нормалары, қаралып отырған заң жобасына Палаталар енгiзетiн түзетулердің көлемi мен шектерiн белгiлемейдi. 
      Парламент Мәжiлiсi мен Сенатының, сондай-ақ заң жобасының бастамашысы мен Палаталардың арасындағы келiспеушiлiк, Конституцияның, Республика заңдарының нормаларымен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен көзделген келiсу рәсiмi арқылы шешiледi. 
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес 

 

қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, 

Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан 

Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағымен көзделген реттi ескерiп,

түпкiлiктi болып табылады.

     4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 

тiлдерiнде жариялансын.

     

      Қазақстан Республикасы

     Конституциялық Кеңесінің

            Төрағасы

     

     

Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.

         

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады