«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 31-тармағы (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; «Юридическая газета» 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; «Юридическая газета» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Конституциялық Кеңестің отырыстарында конституциялық іс жүргізу тәртібімен шешілетін мәселелерден басқа, сондай-ақ:
- Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат беру;
- Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын бекіту;
- Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұру және тоқтату;
- Конституциялық Кеңестің Регламентін бекіту;
- ведомстволық наградалармен марапаттау туралы мәселелер қаралады.
Кеңестің отырысында оның Төрағасының бастамасы бойынша Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері қаралуы мүмкін.».
2. Нормативтік қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің
Төрағасы И. Рогов