Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің "Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтату үшін негіздер бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 23 мамыр N 12/2 (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Хабаршысы) 1-басылым. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 9 Қаулысымен

       Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007.11.08.  N 9  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А. Ким және Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.И. Акуев, О.Қ. Ықсанов, В.В. Мамонов, С.Ғ. Темірболатов, В.Д. Шопин қатысқан құрамда 1997 жылғы 23 мамырдағы ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатуды негіздеу бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру жөніндегі өтінуін қарады. 
      Мәжіліске: өтіну субъектісінің өкілі - Парламент Мәжілісінің заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитеттің Төрағасы Р.С. Қуанышбаева; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Е.В. Кулешова қатысты. 
      Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.И. Акуевтің хабарын, Р.С Қуанышбаева мен Е.В. Кулешованың сөздерін тыңдап, қолда бар материалдарды зерттей келе, Конституциялық Кеңес 
                        ұйғарды: 
      1997 жылғы 5 мамырда Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатуды негіздеу бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы жөніндегі өтінуі түсті. Өтінуде Республиканың кейбір жекелеген әкімшілік-аумақтарын тарату Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табыла ма?" деген мәселе қойылды. 
      Өтінуге Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөніндегі шаралар туралы"  U973466_  және 1997 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы"  U973483_  Жарлықтарына сәйкес Республиканың бес облысын тарату себеп болды. 
      Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясының 52- бабының 1 және 5-баптарын талдай келе мыналарды еске алды. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1-тармағында Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес делінген. Аманатты мандат түсінігіне заңда белгіленген депутаттың аманаттарды орындауы, сайлаушылар алдында өз қызметі жөнінде оқтын-оқтын есеп беріп тұруы қажеттігі міндеттері, сондай-ақ сайлаушылардың сенімін ақтамаған депутатты мерзімінен бұрын кері шақыртып алу мүмкіндігі кіреді. 
      Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Жарлығында да Парламент депутаты қандай да болсын аманатты мандатпен, соның ішінде аманат немесе тапсырмамен байланысты немесе және Парламентте өз сенімі бойынша дауыс береді деп көрсетілген (24-баптың 1-тармағы). 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағында Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылатын жағдайлардың тізбегі келтірілген: 
      - ол орнынан түскенде; 
      - депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғанда; 
      - Парламент таратылғанда; 
      - Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгізілгенде; 
      - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты қоныс аударғанда. 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  52-бабының 5-тармағында Парламент депутатының өкілеттігі " ... Конституцияда көзделген өзге де реттерде тоқтатылады" деп көрсетілген. Парламент Мәжілісі депутатына қолданылатын конституциялық нормаларды талдаудан туындайтын мұндай жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: 
      - Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуы (52-баптың 3-тармағы); 
      - Парламент депутатының оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруы, кәсіпкерлікпен шұғылдануы, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруі (52-баптың 3-тармағы); 
      Қазақстан Республикасы Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуы (47-баптың 2-тармағы); 
      - Парламенттің өкілеттік мерзімінің аяқталуы (Конституцияның 49-бабының 2-тармағы). 
      Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту секілді, соның ішінде жекелеген кейбір әкімшілік-аумақтарын таратқанда Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады деген негіз жоқ. 
      Айтылғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы"  U952737_  Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 1 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру ретінде Конституциялық Кеңес қаулы етті: 
      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент депутаттарының өкілеттігін тоқтату негіздерінің мейлінше толық тізбегін белгілеп берген. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту секілді, соның ішінде кейбір жекелеген әкімшілік-аумақтарын тарату Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды. 
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есепке алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, ол түпкілікті және арыздануға жатпайды. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады