Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымы жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Қаулысы 1998 жылғы 6 қазандағы N 7/2

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi құрамында Кеңес Төрағасы Ю.А.Ким және Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, О.Қ.Ықсанов, С.Ғ.Темiрболатов және В.Д.Шопин қатысқан ашық отырысында Жамбыл облыстық сотының Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын қарап, мынаны анықтады:
      1998 жылғы 14 қыркүйекте Конституциялық Кеңеске 1981 жылғы 18 мамырда ҚСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.
      Конституциялық Кеңестiң мүшесi О.Қ.Ықсановтың баяндамасын тыңдап және ұсынымға қатысты материалдарды, оның iшiнде Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның қорытындыларын зерделей келiп, Конституциялық Кеңес Жамбыл облыстық сотының анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тану туралы ұсынымын қанағаттандыруға болмайды деп есептейдi.
      Жамбыл облыстық соты өзiнiң ұсынымында 1981 жылғы 18 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженiң Конституцияға сәйкес еместiгiн аталған Ереже Азаматтық Кодекстiң (АК) 9-бабына және Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң (ҚIК) 41-44 баптарына қайшы келiп, аталмыш органдардың заңсыз әрекеттерiнен зардап шеккен адамдардың моральдық зиянын өтеу мүмкiндiгiн көздемейдi деп дәлелдейдi.
      Шынында да 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың тартқан залалын өтеу туралы Ережеде шеккен моральдық зиянды өтеудi көздейтiн норма жоқ. Бiрақ бұл азаматты зиянның бұл түрiн өтеудi талап ету құқығынан айырмайды, өйткенi 1995 жылғы 1 наурызда күшiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 14-бабы және 1998 жылғы 1 қаңтарда күшiне енгiзiлген Республика Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң 41-44 баптары оған мұндай құқық бередi. Аталған актiлердiң қайсысын - 1981 жылғы 18 мамырда бекiтiлген Ереженi ме әлде Республика кодекстерiн басшылыққа алу керек пе деген мәселе туындауы мүмкiн емес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қаулысының 2-тармағына сәйкес ҚСРО-ның заң нормалары, егер олар аталған конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдық және нормативтiк актiлерiне қайшы келмейтiн болса, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыла бередi.
      Сөйтiп, 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереже Конституция бекiтiп берген адам және азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi, соның iшiнде оны Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында көзделген сотпен қорғану құқығынан айырады деген Жамбыл облыстық сотының байламы негiзсiз болып табылады. Моральдық залал шеккен кез келген адам, оның iшiнде анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен зиян шеккендер, Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң тиiстi нормаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiгi қабылданғанға дейiн "Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысына сәйкес уақытша қолданылатын 1991 жылғы 31 мамырдағы ҚСР Одағы мен республикаларының азаматтық заңдар Негiздерi нормаларының негiзiнде ондай зиянды өтеу туралы сотқа талап беруге қақылы.
      1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен зиян шеккен азаматтың моральдық залалын өтеу тәртiбi туралы Ережеде моральдық зиянды өтеудi көздейтiн нормалардың болмауы сотқа мұндай талаптар беруге кедергi бола алмайды, өйткенi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған кодекстерiне, сондай-ақ "Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен уақытша қолданылуға рұқсат етiлген бұрынғы КСРО-ның заңы КСР Одағы мен республикалары Азаматтық заңдар негiздерiне қолдану басымдылығы берiлген.
      Баяндалған мән-жайларда 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереже Конституция бекiтiп берген адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi, оның iшiнде сот арқылы қорғаны конституциялық құқығынан айырады деп дәлелдеуге негiз жоқ. Жамбыл облыстық сотының ұсынымында дау туғызып отырған акт (1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереже) моральдық зиянды өтеу бөлiгiнде жоғарыда көрсетiлген себептерге байланысты қолдануға жатпайды. Егер де сот қолданылуға жататын заңды немесе қандайда бiр нормативтiк құқықтық актiнi Конституция бекiтiлген адам құқығы мен бостандығына нұқсан келтiредi деп тапса сот, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес Конституциялық Кеңеске ұсыным жасауға мiндеттi.
      Жамбыл облыстық сотының Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi Республика Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы ұсынымы мына себептермен де қанағаттандырылмайды.
      Жамбыл облыстық соты 1981 жылғы 18 мамырдағы Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ережеде моральдық зиянды өтеу мүмкiндiгi көзделмегендiктен осы Ереженi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп есептейдi. Бiрақ аталған нормативтiк актiде моральдық зиянды өтеуге тiкелей түрде тиым салатын және азаматтың моральдық зиянды өтеудi талап ету құқығына нұқсан келтiредi деп танитындай нақты құқықтық норма жоқ. Сондай-ақ Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы ереженi тұтастай конституциялық емес деп тануға жеткiлiктi негiздер жоқ. Заңға тәуелдi актi болып табылатын аталған Ережеде анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен зиянын өтеу тәртiбi, тетiгi бекiтiлген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Бас прокуратурасының куәландыруы бойынша 1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереже iс жүзiнде қолданылып келедi. Демек, оны қолданылмайды (Қазақстан Республикасы аумағында күшiн жойған) деп тану туралы мәселе Қазақстанда тек осы тақiлеттес және мәндес өз актiсi қабылданған соң ғана қойылуы мүмкiн.
      Жамбыл облыстық соты өз ұсынымының қорытынды бөлiгiнде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң қабылдануына байланысты 1981 жылғы 18 мамырдағы анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Конституцияға сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тануды өтiнедi. Конституциялық Кеңес облыстық соттың бұл талабын негiзсiз деп тапты: жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты актiнi күшiн жойған ("қолданылмайтын") деп тану Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды және Қазақстан Республикасының "нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Актiлердi одан әрi жетiлдiру жұмысы туралы" 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 64 Қаулысына, басқа да кейбiр актiлерге сiлтеме жасай отырып 1981 жылғы 18 мамырдағы Ереже заңдық күшiн жойған деп есептейдi.
      Жоғарғы Сот, керiсiнше, аталған Ереже заңдық күшiн жойған жоқ және сот жұмысында қолданылады деп санайды.
      Егер соттар және басқа да мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасында осы тақылеттес мазмұнды нормативтiк акт болмағандықтан "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қаулысының талаптарын сақтап, қаралып отырған актiнi уақытша қолданып келген болса, онда оны қолданылмайды (Қазақстан Республикасы аумағында күшiн жойған) деп тану туралы мәселе Қазақстанда тек осы тақiлеттес және мәндес өз актiсiн қабылдаған соң ғана қойылуы мүмкiн.
      Егер қаралып отырған нормативтiк акт шынында да күшiн жойған болса, соттар оны қолданбауға тиiс. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары заңдық күшiн жойған конституциялық актiлердi тексерудi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатқызбайды.
      Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын Қазақстан Республикасы Президентiнiң, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
      1. Жамбыл облыстық сотының Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық-iс жүргiзу кодексiнiң қабылдануына байланысты 1981 жылғы 18 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының Жарлығы бекiткен анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерiнен азаматтың шеккен залалын өтеу тәртiбi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес және Қазақстан аумағында қолданылмайды деп тануы қабылданбасын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына

сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық 
аумағында жалпыға мiндеттi, түпкiлiктi және Қазақстан Республикасы 
Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды есепке ала 
отырып, шағымдануға жатпайды.

    Қазақстан Республикасы
    Конституциялық Кеңесiнiң
    Төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады