"Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қоғамдық-саяси бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 12 наурыздағы N 570 Жарлығына түсініктемесі

      Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" бекіткен Жарлыққа қол қойды.
      Бағдарламада Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұрын көзделген, орындалуы қазіргі уақытта аяқталған іс-шаралар одан әрі жалғасын тапты.
      2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны қабылдаудың өзектілігі республика тұрғындарының дене шынықтыруы мен бұқаралық спортты дамыту және Қазақстан спортының халықаралық спорт аренасындағы жоғары беделін сақтауға қабілетті спортшыларды тәрбиелеу жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігімен айқындалады.
      Бағдарламада орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ еліміздің дене тәрбиесі мен спорт саласындағы жетекші ғалымдардың ұсыныстары ескерілген.
      Осы Бағдарламада дене шынықтыру-сауықтырудың және тұрғындармен спорттық-бұқаралық жұмыстың, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың мақсаттары мен міндеттері, негізгі бағыттары айқындалған.
      Жарлықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлеуі көзделген. Бұл республика атқарушы органдарының, дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының назарын дене шынықтыру мен спорттың негізгі проблемаларына шоғырландыруға, бұқаралық спорт пен жоғары нәтижелер спорты саласы ахуалындағы өзгерістерге икемділік танытуға, атқарылып жатқан ұйымдастыру шараларының тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және нақты нәтижелерге жеткізеді.
      Бағдарламалық іс-шаралардың орындалуы салауатты өмір салтының қағидаттарын насихаттауға, еліміздегі дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға, дене шынықтырумен және спортпен нақты шұғылданатын азаматтардың санын арттыруға, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауға жағдай жасауға, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, спорт резерві даярлық орталықтары мен олимпиадалық даярлық орталықтарының желісін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің спорт секциялары мен клубтарда шұғылдануын арттыруға ықпал етеді.
      Бағдарламаның іс-шаралары спорттың олимпиадалық, қолданбалы, ұлттық түрлерін, халықтық ойындарды дамытуға, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құрып және нығайтуға, оның халықтың көпшілік бөлігіне жетімділігін арттыруға бағытталған.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Қоғамдық-саяси бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады