Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1054 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы N 24 ақпандағы N 220 қаулысына түсініктеме

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1054 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпанның N 220 қаулысы отандық автомобиль саласын дамыту үшін инвестициялар тарту мақсатында қабылданды.
      Көрсетілген үкіметтік шешім жеңіл автомобильдер мен автомобиль бөлшектерін жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің, түпкілікті тауардың бағасындағы қазақстандық құрамдас бөлігінің құнын бірте-бірте (жыл сайын) өсіруді енгізу бөлігінде өлшемдерін өзгертуді көздейді.
      Ұсынылып отырған жеңіл автомобильдер мен автомобиль бөлшектерін жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өлшемдері отандық автомобиль жинақтау кәсіпорындарын қолдауға мүмкіндік береді, өндірісті әртараптандыруға, жалпы автомобиль саласын дамытуға, сондай-ақ жанама өндірістерді дамытуды ынталандыруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызады.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады