Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 323 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Еліміздің экономикасында жүріп жатқан нарықтық өзгерістерге байланысты және Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді Стратегиясы шеңберінде өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың бағдарламаларына сәйкес келтіру мақсатында қаулы етемін:
 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 U973621_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:
      Кіріспенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламада өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат ресурстарымызды және ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық пайдалану қарастырылады".
 
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Бағдарламаның мақсаты - өзіміздің өндірістік қуаттарымызды, шикізат ресурстарымызды, ғылыми-техникалық әлеуетімізді неғұрлым толық пайдалану және осы заманғы технологиялар базасында жаңа фармацевтік өндірістер құру жолымен Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектер импортына тәуелділігін жоспарлы түрде төмендету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері: сала кәсіпорындарының дамуы үшін қолайлы нормативтік-құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау; жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық жағынан жаңарту мен ішкі және сыртқы рынокқа бейімделген жаңа жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау; фармацевтік өнеркәсіпке арналған қосалқы өндірістер құру; саланың ұйымдық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау; фармацевтік өнеркәсіп үшін жоғары білікті кадрлар даярлау; саланың өнімнің бәсекелестікке төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету."; 2) I бөлімде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Фармацевтік және медициналық өнеркәсіптің жағдайына талдау жасау"; бірінші абзацта "(55 процент)" және "(42 процент)" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Фармацевтік өнімдерді негізгі тұтынушылар халықтың табысы төмен жігі (мүгедектер, зейнеткерлер, үш жасқа дейінгі балалар) болып табылатындықтан, олар негізінен арзан әрі тиімділігі төмен дәрілік заттарды сатып алады.
      Республикада дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына мемлекеттік бақылау әлі жеткіліксіз түрде жүзеге асырылуда. Дәрілік заттарды контрабандалық жолмен әкелудің көлемі кейбір көрсеткіштер бойынша фармацевтік өнімнің заңды айналымының көлемімен теңесіп отыр. Бұл жағдай өндірушілер қызметіне де, сонымен қатар фармацевтік өнімдерді ресми түрде импорттаушылар қызметіне де мүлдем кері әсерін тигізуде. Тұтастай алғанда фармацевтік рынокқа мемлекеттің ықпалы әлсіз, мұның өзі саладағы тігінен басқару жүйесінің бұзылуымен тікелей байланысты.
      Шетелдік инвесторлар негізгі 2 себепке байланысты Қазақстанда фармацевтік өнеркәсіпті дамытуға мүдделі болмай отыр:
      - фармацевтік рыноктың жеткілікті түрде кең болмауы;
      - Қазақстанда фармацевтік өнеркәсіптің дамуы шетелдік тауар өндірушілер өндіретін дайын өнімдерді өткізетін рынокты жоғалтуға әкеліп соғады.
      Фармацевтік саланы дамыту мен халықты дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатын қалыптастыруды ұзақ мерзімді жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттарының тізімі дайындалып, бекітілді.
      Жасалған талдау өмірлік маңызды дәрілік заттардың Тізіміндегі 300 атаудың 70-ке жуық атауы Қазақстанда шығарылатынын және республиканың толық қажеттілігі оның 46-сы бойынша ғана өзіміздің отандық фармацевтік кәсіпорындардың өндірістік қуаттары есебінен қанағаттандырылатынын көрсетті".
      үшінші абзацтың екінші сөйлеміндегі мына сөздер "Осы қаулыға орай Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып Тұжырымдама әзірледі" алынып тасталсын;
      бесінші абзацта:
      "Шымкент химиялық-фармацевтік зауыты" деген сөздер "Химфарм" ААҚ, Шымкент қ." деген сөздермен ауыстырылсын,
      "Шымкент гидролиз зауыты" деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта:
      "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-ы", "Алматы биокомбинаты" деген сөздер "Биомедпрепарат" АҚ", "Алматы биокомбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Прогресс - ӨБ" сөздері алынып тасталсын;
      жетінші абзацта:
      "Құлан" АҚ", "Сарыарқа" АҚ", "Наркез" АҚ-ы" деген сөздер "Қазақ Аджанта фарм" ЖШС БК", "Ромат" фармацевтік компаниясы", "Таймаз" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы "Химиялық кәсіпорындар: "Химпром" ӨБ-і, Павлодар қаласы, "Медполимер" АҚ-ы, Павлодар қаласы, "Карбид" ӨБ-і, Теміртау қаласы және т.б." сөздер алынып тасталсын;
      он бірінші абзацта "Таблеткалар сияқты осы заманғы дайын дәрі түрлерін шығару енді ғана игеріліп жатыр, ал капсулалар мен ампулалар жоқ" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Соңғы жылдары таблеткалар, ампулалар сияқты дайын дәрілік нысандар игеріліп, табысты шығарылуда"; он екінші, он үшінші абзацтар алынып тасталсын; мына мағынадағы абзацтармен толықтырылсын: "Қорытындылар: жұмыс істеп тұрған фармацевтік өндірістер ескірді және жаңартуды қажет етеді; мемлекеттің салық және инвестиция саясатын жетілдіру саласында заңдар базасына өзгерістер енгізу қажет; салаға тартылған инвестиция көлемінің мардымсыздығы оның дамуының тежеуші факторы болып табылады; саланың бірыңғай инфрақұрылымы жоқ; салаға мемлекет тарапынан басшылық жасау әлсіз; дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына мемлекеттік бақылау жеткіліксіз; төлем қабілетінің төмендігі халықты арзан әрі тиімділігі аз дәрілік заттарды тұтынуға итермелейді; саланың бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етілуі жолға қойылмаған". 3) II бөлім жаңа редакцияда жазылсын: "II бөлім. Фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамытудың тұжырымдамасы
      Қазақстан Республикасының фармацевтік және медициналық өнеркәсібін тұрақты түрде дамыту үшін бұл процесті басқару мен мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа оңтайлы әдістерінің жасалуын қамтамасыз ету қажет.
      Саланың экономикалық өсуін қамтамасыз ету артықшылықтар мен резервтерді мейлінше пайдалану, көтерілуге кедергі жасайтын проблемаларды шешу тұрғысында еліміздің ерекшеліктерін ескеруден келіп шығуы тиіс.
      Салаға жеке меншік инвестицияларды тартудың тетіктерінсіз, сондай-ақ мемлекеттік қолдау көрсетудің деңгейін анықтап алмай Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың басымдығын құрғақ жариялап қана қоюдың болашағы жоқ.
      Сол себепті бұл Бағдарламаны іске асырудың шеңберінде меншік иесі мен жеке меншік инвестордың мүдделерін дәрі-дәрмек саясаты саласындағы жалпыұлттық басымдықтармен нақты үйлестіру қажет.
      Мемлекеттің ролі: Өндірістік секторды дамыту және мемлекеттік бюджетті толтыру үшін оңтайлы жағдайларға қол жеткізу бағытында салық жүйесін жетілдіру;
      Қаржы ресурстарын жинақтау және фармацевтік өнеркәсіпке инвестициялау үшін ынталандыру шараларын енгізу;
      Тұрақты тауар-ақша айналымын, кредитке төмен проценттік ставкаларды, тікелей инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      Кедендік әкімшілік етуді жетілдіру және контрабандаға қарсы күрес;
      Мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылып жүрген заңдар шеңберінде отандық фармацевтік өндірушілерге басымдық беру;
      Өмірлік маңызды дәрілік заттарды өндіруге мемлекеттік тапсырыс;
      Сыртқы экономикалық шаралардың барлық арсеналын іске қосу арқылы ішкі рыноктың ашықтық деңгейін реттеу (кедендік тарифтер, импортты саны жағынан шектеу, дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқығына тіркеуге шектеу енгізу);
      Банкроттық, жекешелендіру және мемлекет қарамағына алу құралдары арқылы фармацевтік және медициналық кәсіпорындардың тиімсіз меншік иелерін ауыстыру;
      Фармацевтік өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың құрылымы мен жүйесін жетілдіру;
      Халықты сапасыз фармацевтік өнімдерден қорғау; денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органның жанынан бақылау-қадағалау қызметін ашу;
      GMP (тиісті өндірістік практика) нормаларын сақтаудың мемлекеттік инспекциясын құру.
 
      Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік органның ролі:
 
      Жекешелендірілген кәсіпорындар жедел шешімдер қабылдауда еркін. Органның рөлі стратегияны әзірлеумен, өндіріс жағдайларына бақылау жасаумен және мемлекеттік қолдау көрсету үшін инвестициялық жобаларды іріктеумен шектеледі.
      Аумақтық органдардың тапсырыстарын жинау арқылы денсаулық сақтау саласының дәрілік заттарға деген жалпы қажеттілігін анықтау және өндірушілерді хабардар ету;
      Жекелеген ауру түрлеріне қарсы күрестің республикалық бағдарламасы шеңберіндегі дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау;
      Негізгі өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімін жасау;
      Өндірушілерге лицензиялар беру;
      Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына бақылауды жүзеге асыру;
      Дәрілік заттарды сатып алу жөнінде конкурстар ұйымдастыру;
      Медициналық және фармацевтік ақпараттың ақпараттық-талдау жүйесін жасау;
      Дәрілік заттар өндірісі мен айналымы саласындағы қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу.
      Бағдарламаның қысқа мерзімді кезеңінде мынадай міндеттер белгіленді:
      отандық тауар шығарушыларды, сондай-ақ республиканың фармацевтік өнеркәсібін дамытуға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ететін заңдар базасын қалыптастыру;
      саланың ұйымдық, ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау;
      саланы ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жасау;
      өзінің өсімдік және жануарлар шикізатымен жұмыс істейтін фармацевтік өндірісті шетелдік озық технологияларды пайдалана отырып және халықаралық стандарттар талаптарына сай қайта құру;
      таблеткалар мен капсулалар, сондай-ақ импортталатын шикізаттан синтетикалық жолмен алынатын дайын қатты дәрі-дәрмек түрлерін дайындау үшін блистерлік және орау өндірісін ұйымдастыру;
      ампулалық препараттар өндірісін құру;
      өзіміздегі шикізаттың барлық түрінен жасалған республика үшін жаңа дәрі-дәрмек препараттарын өндіріске енгізу. Бұл орайда негізінен өндіріске енгізілуі көп уақытты және қаражатты керек етпейтін және таяу арада оларды импорттаудың қажеттілігін толық жоюға мүмкіндік беретін өнім түрлеріне баса ден қойылады; өз шикізатымыз негізінде медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру; Бағдарламаның ұзақ мерзімді кезеңінің мақсаттары мыналар болып табылады: қан препараттарын шығаратын кәсіпорындарды жаңғырту; базалық және көмекші фармацевтік өндірісті және онымен байланысты өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету; фармацевтік өнеркәсіп үшін кадрлар даярлау; қазақстандық ғалымдар жасаған жаңа фармацевтік препараттар бойынша ғылыми әзірлемелер жоспарын іске асыру; ТМД-ның басқа мемлекеттерімен арадағы кооперация шеңберінде синтетикалық препараттар өндірістерін құру. 4) III бөлімде: 1-қосымша бағдарламада: төртінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын;
      бесінші абзацтағы "және босаған қаражаттарға жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және жаңа қуаттар ашуға қажетті осы заманғы фармацевтік құрал-жабдықтар сатып алуға", "Кейіннен бұл жабдықтармен қазақстандық ғалымдар жасаған дәрі-дәрмектер шығарылатын болады" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғыртумен қатар сапаның халықаралық стандарттарының осы заманғы талаптарына сай жаңа өндірістік қуаттар құрылатын болады. Сол тәріздес өндірістерді құру модульдік сызба бойынша жүзеге асырылады";
      оныншы абзацта:
      "Химиялық ғылымдар институтында" деген сөздер "А.Б.Бектұров атындағы Химиялық ғылымдар институтында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Осы бағытты жандандыру үшін базалық кәсіпорындар "Химпром" ӨБ-і, Павлодар қаласы "Химфарм АҚ-ы", Шымкент қаласы, "Карбид ӨБ-і Теміртау қаласы болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      он үшінші абзацта "Павлодар қаласындағы "Химпром" АҚ-да және" деген сөздер алынып тасталсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстандық ғалымдар жасаған технологиялар бойынша Шымкент "Химпром" ААҚ-да жаңа валидол, корвалол, нафтизин, фурациллин, промедол, рихлокаин өндірісін құру";
      он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтар алынып тасталсын;
      2-қосымша бағдарламада:
      екінші абзац:
      "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-і" деген сөздерден кейін "Фармацевтік биотехнология институты" деген сөздермен толықтырылсын;
      "кірісті" деген сөз "кіріседі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Жобаның құны 5,8 млн. АҚШ доллары" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзацта "стоматозим - жылына 3 млн. сауыт" деген сөздер алынып тасталсын;
      сегізінші абзацтағы:
      "бұрыннан белгілі және жаңа", "Бұл бағытта Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтының қатысуымен ғылыми-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп жатыр" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Негізінен бұл кең ауқымды әсер ететін антибиотиктер" деген сөздермен толықтырылсын;
      тоғызыншы-он екінші абзацтар алынып тасталсын;
      он төртінші абзацтағы "сапасы жағынан "Ely Lilly" фирмасының препаратынан кем соқпайтын" деген сөздер алынып тасталсын;
      он жетінші-жиырма сегізінші абзацтар "Алматы биокомбинатында жалпы көлемі ..." деген абзацқа дейін алынып тасталсын;
      отызыншы абзацтың екінші сөйлеміндегі "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ҒЗИ-і мен Обаға қарсы күрес жүргізу институтын" деген сөздер "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы мен Қазақстанның Обаға қарсы күрес жүргізу ғылыми-зерттеу институтында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-қосымша бағдарламада:
      "Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңарту және жаңа өндірістер құру" деген қосымша бөлімде:
      он бірінші-он төртінші абзацтар алынып тасталсын;
      "Жануарлардан алынатын шикізаттан дәрі-дәрмек шығарудың номенклатурасын ұлғайту" деген қосымша бөлім толық алынып тасталсын;
      4-қосымша бағдарламада:
      екінші абзацта:
      екінші сөйлемдегі "комитетінің" деген сөз алынып тасталсын;
      "Ботаника институты" деген сөздер "Ботаника және фитоинтродукция институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Экология және биоресурстар министрлігінің" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңарту және қайта құру" деген қосымша бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Фитохимия институтында өсімдік шикізатынан қазақстандық ғалымдар әзірлеген әрі жоғары дайындық дәрежесі бар жоғары дәрі-дәрмек өндірісін жаңарту жоспарланып отыр. Оның сыртында, облыстарда галендік препараттар өндірісі, оның ішінде өсімдік шикізатынан жасалатын препараттар өндірісі қалпына келтірілуге тиіс";
      "Өсімдік шикізатынан дәрі-дәрмек препараттарын алудың осы заманғы технологиялық процестерін енгізу" деген қосымша бөлімде:
      тоғызыншы абзацтағы соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы зауыттардың өндірісін, сондай-ақ дәрілік шикізатты өңдеу, жинау және ұқсату үшін мамандандырылған басқа да техникалар осы өнімдерді шығаруға барлық мүмкіндігі бар Қазақстанның конверсиялық кәсіпорындарында жолға қойылуы қажет";
      "Дәрілік өсімдіктерді жинаудың және алғашқы өңдеудің осы заманғы жүйесін жасау және енгізу" деген қосымша бөлімде:
      алтыншы абзацтағы "Ботаникалық бағы және Топырақтану институты" деген сөздер "Ботаникалық бақ және Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын;
      сегізінші абзацтағы "Дәрілік шөп және фитохимия жөніндегі аймақтық орталық" деген сөздер "Фитохимия институты" деген сөздермен ауыстырылсын";
      тоғызыншы абзацтағы "Щучинск қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы" деген сөздер алынып тасталсын және "орман шаруашылығы" деген сөздерден кейін "агроорманмелиорациясы" сөзімен толықтырылсын;
      "Неғұрлым перспективалы дәрілік өсімдіктерді қолдан өсіруге кірісу" деген қосымша бөлімде:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Фитохимия институты (Қарағанды қаласы) 530 гектардан астам алаңға дәрілік шөптердің 34 түрін екті. 3 гектар алаңда дәрілік өсімдіктердің тұқымдық питомнигі бар";
      5-қосымша бағдарламада:
      үшінші абзацтағы "Нәтижесінде таяу арада республика оларды импорттамайтын болады" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзац мына редакцияда жазылсын: "Механобр" мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экология бірлестігінің базасында дәрілік заттар шығару үшін қажетті субстанциялар өндірісін құру"; алтыншы, жетінші абзацтар алынып тасталсын; оныншы-он төртінші абзацтар алынып тасталсын; он бесінші абзацта "жанындағы "ТЭН-ХЕ" бірлескен" сөздері алынып тасталсын; жиырма алтыншы абзацтың "3. Ақтау қаласындағы Аква-Вита" зауытының құрылысын аяқтау және жаңа зауыттар салу" деген тармағы алынып тасталсын; жиырма жетінші абзац алынып тасталсын; отыз алтыншы абзацта "Білім және мәдениет министрлігінің" деген сөздер алынып тасталсын; 6-қосымша бағдарламада: "Плазмоферез әдісімен плазма дайындау көлемін одан әрі өсіру. Аппараттық плазмоферезді игеру" деген қосымша бөлімде: төртінші абзац мына мағынадағы сөздермен ауыстырылсын: "Қарағанды облыстық қан орталығы"; бесінші абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: "Осы мақсатта "Дәмел ЖШС плазмоферез орталығы құрылды"; 5) IV бөлім: "Медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ) өндірісін құру" қосымша бөліміндегі: алтыншы, жетінші абзацтар алынып тасталсын; "Фармацевтік өнеркәсіпке арналған буып-түю материалдары өндірісін ұйымдастыру" деген қосымша бөлім алынып тасталсын; 6) V бөлімде: бірінші абзацта екінші сөйлем алынып тасталсын; бесінші абзац алынып тасталсын; алтыншы абзацта "Осы инфрақұрылымның келесі құраушысын" деген сөздер "Инфрақұрылымды ..." деген сөзбен ауыстырылсын; "Саланы кадрмен қамтамасыз ету" қосымша бөлімінде: жетінші, сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзацтың бірінші сөйлемі "даярлауды" сөзінен кейін "С.Ж.Асфендияров атындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Шымкент медицина институтының" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      он төртінші абзац алынып тасталсын;
      он жетінші абзацта:
      "Шымкент химия-технология институтында" деген сөздер "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақтың техникалық университетінде" деген сөздер "Қазақтың ұлттық техникалық университетінде" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қарағанды политехникалық институтында" деген сөздер "Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде" деген сөздермен ауыстырылсын; он сегізінші абзацтың екінші сөйлеміндегі "және" деген сөз алынып "институтында" деген сөзден кейін "және Қарағанды қаласының Фитохимия институтында" деген сөздермен толықтырылсын; 7) VI бөлімде: төртінші абзацтағы "Экономика және сауда министрлігінің" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) VII бөлімде: сегізінші абзацтың үшінші сөйлемі алынып тасталсын; "Мемлекеттік сектор" қосымша бөлімінде: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Астана және Алматы қалаларының қалалық денсаулық сақтау басқармалары"; жетінші абзац алынып тасталсын; 9) VIII бөлімде: 1 және 2-бағандарда: "Ақмола облысы" қосымша бөліміндегі жобалар: "Аминқышқылдары өндірісін "Прогресс" ӨБ ұйымдастыру Степногор қаласы Гален өндірісін құру Бұл да Ланолин өндірісін құру Бұл да Дайын дәрі-дәрмек (сауыттар) өндірісін ұйымдастыру "Сәуле" ШМК", Степногор қаласы" деген сөздер алынып тасталсын; "Алматы облысы" қосымша бөліміндегі жобалар: "Жануарлардан алынатын шикізаттан жасалатын дәрі-дәрмек препараттары өндірісін кеңейту "Құлан" АҚ, Алматы қаласы" деген сөздер алынып тасталсын; "Кәсіпорынды таблеткалар, капсулалар шығаруға көшіру үшін жаңарту" "Құлан" АҚ, Алматы қаласы" жобасы мынадай редакцияда жазылсын: "Үнді несие желісі бойынша "Қазақ Аджанта Фарма" таблеткалар, капсулалар мен ЛТД" ЖШС БК"; ампулалар шығаратын фармацевтік зауыт құру" "Аскорбин қышқылы өндірісін құру" жобасында "Альфия" ШЖҚ", Алматы қаласы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Жеміс-жидек пен көкөніс криоұнтақтарынан балалар тағамын дайындау" жобасындағы "Геомес" ЖШС" және "Дәурен" ЖШС", Алматы қаласы" деген сөздер "Тамақ институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бүрген және итмұрын негізінде қатқыл май өндірісін құру" жобасында:
      "Илона" ЖШС", Алматы қаласы" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Микроклимат" ШК" деген сөздер "Аквитол" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қызыл май" полифит майы өндірісін кеңейту" жобасындағы "Фитолиум" ЖШС" деген сөздерден кейін "Қызыл май" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Плазмоферез өндірісін құру" жобасындағы "Бұл да" деген сөз "Дәмел" ЖШС", Алматы қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Мына жобалар:
      "Қаржы-өнеркәсіп топтарын құру, Алматы қаласы,
      Экобиологиялық орталық құру, Алматы қаласы,
      Пектин және медициналық спирт өндірісін құру, Талдықорған қаласы,
      Циалит негізінде дәрі-дәрмек өндірісін ұйымдастыру, "Рыстас" АҚ, Сарыөзек қаласы" алынып тасталсын;
      "Шығыс Қазақстан облысы" қосымша бөлімінде:
      "Таза металдардан, олардың тұздары мен негіздемелерінен алынатын дәрі-дәрмекке арналған субстанциялар өндірісін ұйымдастыру, ҚМҚ, ӨМЗ, Өскемен қаласы" жобасы алынып тасталсын; 2-бағандағы "Органикалық емес өндіріс зауыты, Серебрянка қаласы" сөздері "Органикалық емес өндіріс зауыты" АҚ" сөздерімен ауыстырылсын; "Қарағанды облысы" қосымша бөлімінде: "Өсімдіктерден алынатын шикізаттан жасалатын дәрі-дәрмек өндірісін ұйымдастыру," "ҒЗ кеңшар-институты, Қарағанды қаласы", "Дәрілік өсімдіктер мен фитохимия жөніндегі аймақтық орталық құруды аяқтау, "Фитохимия ҒЗИ, Қарағанды қаласы" деген жобалар: "Дәрілік өсімдіктер мен фитохимия жөнінде республикалық Фитохимия институты, орталық құру. Қарағанды қаласы"; Галендік препараттар Бұл да" өндірісін кеңейту" деген жобалармен ауыстырылсын;
      "Винилин өндірісін ұйымдастыру, "Карбид" ӨБ, Теміртау қаласы", Фармацевтік өнеркәсіп мұқтажына арналған химиялық шикізат өндірісін ұйымдастыру, "Карбид" ӨБ, Теміртау қаласы" жобалары алынып тасталсын;
      "Қызылорда облысы" қосымша бөлімінде:
      2-бағандағы "Аралтұз" ӨБ" деген сөздер "Аралтұз" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Павлодар облысы" қосымша бөлімінде:
      "Импортталатын шикізаттан егу ерітінділері өндірісін құру" жобасы "Импортталатын шикізаттан таблетка түріндегі дәрілік заттар өндірудің номенклатурасын ұлғайту" жобасымен ауыстырылсын; "Медициналық шыны сауыттар мен ампулалар өндірісін құру" "Павлодаршыны", МБК, Павлодар қаласы" және "Отандық шикізаттан синтетикалық дәрі-дәрмек препараттары өндірісін ұйымдастыру", "Химпром" ӨБ, Павлодар қаласы" жобалары алынып тасталсын; "Солтүстік Қазақстан" қосымша бөлімінде: 2-бағандағы "Петромедбиофарм АҚ" сөзі "Петромедфарм ЖШС" сөзімен ауыстырылсын; "Оңтүстік Қазақстан" қосымша бөлімінде: "Ксилит өндірісін кеңейту, "Гидролизник" АҚ, Шымкент қаласы" жобасы алынып тасталсын; 10) Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 1 қосымшасында: рет нөмірі 1-жолдағы 2-баған мына редакцияда жазылсын: "1. Есірткі анальгетиктер: ампулалар, таблеткалар, субстанциялар өндірісін құру"; рет нөмірі 2-жолдағы 4-бағанда "ЖХТ және М ҒЗИ, Алматы қ.," деген сөздер "Химфарм" АҚ, Шымкент қ." деген сөздермен ауыстырылсын; рет нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын: "3. Блистирлеу желісі 500 млн. "СелтраИнвест" $1.3 млн. 2000- бойынша, 2002 май желісі 1 т Шымкент $100 мың жж. бойынша өндіріс қаласы (өз қаража. құру ты + инв.) рет нөмірі 4-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 7-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 10-жолда 6 және 7-бағандардағы "1997-1999" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 11-жолда: 4-бағандағы "Сарыарқа" АҚ" деген сөз алынып тасталсын; "ДЭГ" неміс фирмасымен бірлесіп" деген сөзбен толықтырылсын; 5-бағандағы "4,0 млн $" сөзі "4,2 млн. ДМ" деген сөзбен ауыстырылсын; рет нөмірі 12-жолдың 4-бағанында "Фармбиопром" ЖШС, Шымкент қ. "Селтра ЛТД" болгар фирмасы" деген сөздер "Экобиофарм" ЖШС", "Фармбиофарм" ЖШС және "СелтраИнвест" Шымкент қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын; рет нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын: "13. 40 атаудан астам "ШенТон- $10-28 1999- дәрі-дәрмек Қазақстан млн. 2003 препараттарын: БК" инвест. ампулалар, капсулдар, таблеткалар, инфузиондық ерітінділер шығару жөнінде БК құру: рет нөмірі 14, 15, 16-жолдар алынып тасталсын; рет нөмірі 17-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Импортталатын шикізаттан таблетка түріндегі дәрілік заттар өндірудің номенклатурасын ұлғайту"; 6 және 7-бағандарда "1998-2000" деген сандар "1999-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 19-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 20-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 23-жолда "стоматозим - 3 млн. сауыт" деген сөздер алынып тасталсын; рет нөмірі 25-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 26-жолдағы 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 28, 29, 30-жолдар алынып тасталсын; рет нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын: "31. Этил спирті "Биопрепарат" ЖҮАҚ өз 1999-2001 өндірісін құру 4,5 мың т. қаражаты жж." рет нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын: "33. Таблеткалар, капсулалар, "Қазақ Аджанта 6 млн. $ 1998- инъекциялық ерітінділер: фарма", ЖШС кредиттік 2001 "; ампулалар мен сауыттар БК желілер шығару жөніндегі өндірісті құру рет нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын: "34. Жануарлардан алынатын "Ромат" 3,5 млн. 2000- шикізаттан дәрілік заттар фармацевтік инвест. 2002"; шығару жөніндегі өндірісті компаниясы кеңейту рет нөмірі 35-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 36-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1998" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 38-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын: "39. Панты негізінде 100 мың. "Ақсу-Дэен" БК $ 50 1998- "Пантокрин" және бума. ШҚО, Дэен мың. 2000"; басқа препараттардың корей фирма. инв. өндірісін кеңейту сымен бірлесіп рет нөмірі 40, 41-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2001-2005" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 42-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 43-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 45-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 46-жолда 6 және 7-бағандардағы "1995-1998" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын;
      рет нөмірі 48-жолдың 3-бағаны "бронхолитин, "Ордабасы" бальзамы, "300 мың сауыт көлемінде" деген сөздермен толықтырылсын; рет нөмірі 49-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "1999-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 50-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 52-жолдың 3-бағаны "50 мың бума" деген сөздермен толықтырылсын; 5-бағандағы "1,0 млн.$" деген сөздер "2 млн.$" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-бағандағы "1998" деген сан "2000" деген санмен ауыстырылсын; рет нөмірі 53-жолда 6 және 7-бағандардағы "1996-1998" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 54-жолдың 4-бағанындағы "ИНХТиМ", "Альфия" ШЖК", Алматы қ." деген сөздер алынып тасталсын; рет нөмірі 55, 57-жолдар алынып тасталсын;
      рет нөмірі 56-жолдың 4-бағанындағы "Геомес" ЖШС", "Дәурен" ЖШС" деген сөздер "Тамақ институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      рет нөмірі 59-жолдың 4-бағанындағы "Микроклимат" ШК", Алматы қаласы" деген сөздер "Аквитол" ЖШС", Алматы қаласы және "Фитохимия институты", Қарағанды қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын; рет нөмірі 60-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 61-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 62, 63, 65, 75-жолдар алынып тасталсын; рет нөмірлері 68, 69, 71, 90, 104-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 76-жолда 2-бағандағы "Аквитол" ЖШС", Алматы қаласы" деген сөздермен толықтырылсын; рет нөмірлері 77, 78, 79, 80-жолдар алынып тасталсын; рет нөмірі 81-жолда 6 және 7-бағандардағы "1997-1999" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 82-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Дәрі-дәрмектік заттар өндірісі үшін субстанциялар өндірісін құру"; 4-бағандағы "Тэн-Хэ" БК" деген сөздер алынып тасталсын; 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "1999-2005" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 83-жолда 6 және 7-бағандардағы "1997-1999" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 84-жолда 2-баған "Смектит-К" деген сөздермен; 3-баған "2,5 млн.тонна" деген сөздермен; 4-баған "Жібек жолы" ЖШС" деген сөздермен; 5-баған "110 мың АҚШ доллары" деген сөздермен толықтырылсын; рет нөмірі 85-жол алынып тасталсын; рет нөмірлері 86, 87-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2000-2002" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 88-жолда:
      2-баған "өндірісін" деген сөздің алдынан "және отандық шикізаттан жасалған басқа стоматологиялық материалдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бағандағы "30 мың $" деген сөздер "130 мың АҚШ доллары, инв." деген сөздермен ауыстырылсын;
      рет нөмірі 90-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2002-2005" деген сандармен ауыстырылсын;
      рет нөмірі 91-жол алынып тасталсын;
      рет нөмірі 94, 95, 96-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2002-2005" деген сандармен ауыстырылсын; "Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен қосалқы өнімдер өндіру" қосымша бөлімінің тақырыбы мына редакцияда жазылсын: "Медициналық жабдықтар, медициналық техникалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар және тағы басқалар өндіру"; рет нөмірі 97-жолдағы 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 98-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-1998" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 99-жолда 4-бағандағы "Эталон" ӨБ" деген сөздер алынып тасталсын; рет нөмірі 101-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 102-жолда: 2-баған мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Медициналық өнімдерді газбен стерилизациялау цехын іске қосу жұмыстарын аяқтау"; 5-баған "500 мың АҚШ доллары" деген сөздермен толықтырылсын; рет нөмірі 106, 107-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1998-1999" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 108 және 110-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "108. Оттегімен тыныс 120 "Тыныс" АҚ $10 млн. 1999- алу аппаратуралары млн. Көкшетау қ. инвест. 2005 өндірісін кеңейту және жетілдіру 110. Рентген "Ақтөберентген" $10-15 1999- аппаратуралары АҚ млн. 2005"; өндірісін жетілдіру инвест. рет нөмірлері 111, 113, 115-жолдар алынып тасталсын; рет нөмірі 112-жолда 6 және 7-бағандардағы "1998-2000" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын;
      11) Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2-қосымшасында:
      рет нөмірі 14-жолдың 4-бағанындағы "Фосфор зауыты, Шымкент қ." деген сөздер "Шымкент-фосфор" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      рет нөмірі 27-жолда:
      2-бағандағы "Нитроксалин өндірісін ұйымдастыру (аналогы - 5НОК - бактерияға қарсы препарат)" деген сөздер "Венерологиялық аурулардың алдын алу үшін "Цидипол","Циминоль" және басқа препараттарының өндірісін ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы "300 мың" деген сөздер "500 мың" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-баған "Препараттар тіркеуде жатыр" деген сөздермен толықтырылсын; рет нөмірі 28-жол алынып тасталсын; рет нөмірі 2, 5, 17, 35, 42 және 44-жолдарда 8-бағандағы "Фармацевтік бап" деген сөздер "Фармакопейндік бап" деген сөздермен ауыстырылсын; рет нөмірі 2, 9, 10-12, 14, 15, 20, 41, 42-жолдарда 6 және 7-бағандардағы "1997-1998" деген сандар "2000-2003" деген сандармен ауыстырылсын; рет нөмірі 1, 3-7, 13, 16-19, 21-25, 29-40, 46-жолдарда 6 және 7 бағандардағы "1997-1999" деген сандар "2000-2004" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады