Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы N 336 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .

        Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039  U963039_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Окшин Юрий Васильевич - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Мұқашев Рахмет Желдібайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Избанов Мұхит Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары енгізілсін;
      аталған құрамнан Арғымбаев Еркебек Қамбарұлы, Қасымов Сабыр Ахметжанұлы, Козлов Александр Федорович, Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы шығарылсын;
      Комиссия мүшесі Белоруков Николай Васильевич Комиссия төрағасының орынбасары болып бекітілсін. 

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады