Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 12 қазан N 471. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету және "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығын iске асыру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
      2. Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң штат саны лимитi Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратынан - 29 бiрлiктi, Жоғарғы Сот аппаратынан - 5 бiрлiктi, облыстық соттардан - 48 бiрлiктi, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларынан 145 бiрлiктi беру жолымен түзiледi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң штат саны лимитi Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратынан аталған лимиттердi беру жолымен 8 бiрлiкке көбейтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң келесi Жарлықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29     Жарлығына:
     1-қосымшада:
     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi" бағанында "317" саны "325" санымен алмастырылсын;
     "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты" бағанындағы "136" саны "131" санымен алмастырылсын.
     3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң           
1999 жылғы 22 қаңтардағы      
N 29 Жарлығына           
3-Қосымша              

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң штат саны лимитi

----------------------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасының
      Жоғарғы Соты жанындағы Сот                        34
      әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет

      Облыстардағы, Астана, Алматы
      қалаларындағы әкiмшiлер                           193
----------------------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасының соттарының штат саны лимитi
----------------------------------------------------------------
      Облыстық соттар                                   1443
      Аудандық соттар                                   5339
      Әскери соттар                                     185
----------------------------------------------------------------
     2) <*>
     Ескерту. 4-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Президентiнiң 2002.02.11. N 806 жарлығымен.
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрiлсiн, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолданатын болсын.
     6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң        
2000 жылғы 12 қазандағы   
N 471 Жарлығымен        
бекiтiлген          

      Ескерту. Мәтінде "әкімшілері", "әкімшілерінен", "әкімшілерінің" деген сөздердің алдынан "соттар" деген сөзбен толықтырылып, "әкімшілер", "әкімшілерді", "әкімшілердің", "Әкімші" деген сөздер тиісінше "соттар әкімшілері", "соттар әкімшілерін", "соттар әкімшілерінің", "Соттар әкімшісі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Президентінің 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот
әкiмшiлiгi жөнiндегі комитет туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың (бұдан әрi - жергiлiктi соттар) қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттарды уақтылы атқаруды, сот приставтарының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды, жергілікті соттардағы сот статистикасын жүргізуді және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N  536, 2005.01.25. N 1514, 2007.08.23. N 387 Жарлықтарымен.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет пен облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшiлерi (бұдан әрi - соттар әкiмшiлері) жергiлiктi соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.
      4. Комитет пен соттар әкiмшiлерi мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары болып табылады, өзiнің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет пен соттар әкiмшiлерi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.
      5. Комитет пен соттар әкiмшiлерi жергiлiктi соттардың дербестiгiн, судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсіздiгiн нығайтуға жәрдемдесуге мүдделi және олардың сот ісін жүргiзу қызметiне араласуға хақысыз.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.
      6. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
      8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д. Қонаев көшесі, 39-үй.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2007.08.23 N 387 Жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.04.09 N 970 Жарлығымен.
      9. Комитеттiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитет".
      10. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

2. Комитеттiң өкiлеттiктерi, құрылымы және қызметiн ұйымдастыру

     11. Комитет:
     1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен келiсе отырып:
      - жергiлiктi соттарды құру, қайта ұйымдастыру не тарату, судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi;
      - жергiлiктi соттарды, Комитеттi және соттар әкiмшiлерiн қаржыландыру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Үкiметке табыс етедi;
      1-1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
      2) сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергiлiктi соттар судьяларының штат санын белгiлейдi;
      3) судьялардың, Комитет, жергілікті соттар кеңселері және соттар әкімшілері қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қолданады, сот қызметi саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және қаржыландырады, жергiлiктi соттардың кадрларға мұқтажын айқындайды, оларға тағылымдама ұйымдастырады;
      4) азаматтар мен ұйымдардың жергiлiктi соттар судьяларының iс-әрекетiне арыздарын қарауда сот төрағаларына жәрдемдеседi;
      5) судьялар мен атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлерi жүктемелерiнiң нормативтерiн әзiрлейдi;
      6) заңнаманы жүйелеу жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады және соттарды нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етедi;
      7) соттар әкімшілерінің ұсынуы бойынша жергілікті соттар кеңселерін құру жөнiндегi жұмысты жүзеге асырады;
      8) судьялар мен жергiлiктi соттар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Комитет қызметкерлерiнiң дербес есебiн жүргiзедi;
      9) жергілікті соттардың сот статистикасын жүргізуді, іс жүргізуді және мұрағаттардың жұмысын ұйымдастырады;
      10) азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарайды;
      11) соттар әкiмшiлерінiң қызметiн материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      12) жергiлiктi соттардың ғимараттары мен үй-жайларын және соттар мен Комитетке ведомстволық қарасты басқа да объектiлердiң құрылысын, жөндеуiн және техникалық жарақтануын ұйымдастырады;
      13) жергiлiктi соттар мен соттар әкiмшiлерінiң бюджет қаражатын жұмсауын бақылайды, олардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзедi;
      14) заңнамаға сәйкес соттардың, соттар әкiмшiлерінiң және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шараларды жүзеге асырады;
      15) заңнамаға сәйкес атқарушылық құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      17) сот орындаушыларының қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық-құқықтық актілердің шеңберінде құқықтық көмек көрсету барысында сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарынан және атқарушылық өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536, 2005.01.25. N 1514, 2007.08.23. N 387 Жарлықтарымен.
      12. Комитет өз құзыретi шегiнде:
      1) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) жергiлiктi соттар судьяларының, Комитет, жергілікті соттар кеңселері және соттар әкімшілері қызметкерлерінің еңбегiн қорғау, материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Үкiметке ұсыныстар енгiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баспа басылымдарын шығаруға хақылы.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2001.01.22. N 536 , 2007.08.23. N 387 Жарлықтарымен.
      13. Заңнамаға сәйкес жергiлiктi соттардың сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады.
      14. Комитет орталық аппараттан және соттар әкiмшiлерiнен тұрады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.
      15. Комитеттi төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Комитет төрағасының мәртебесi Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органның басшысы мәртебесiне теңестiрiледi.
      16. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, оларды Комитет төрағасы Жоғарғы Сот Төрағасының келiсiмiмен тағайындайды және босатады.
      Комитет төрағасы орынбасарларының мәртебесi Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары мәртебесiне теңестiрiледi.
      17. Комитет төрағасы Комитет пен соттар әкiмшiлерінiң қызметiн ұйымдастырады және басшылық етедi, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйі үшiн дербес жауап бередi.
      Осы мақсатта Комитет төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсе отырып, соттар әкiмшiлерiнiң штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат саны лимитiнiң мөлшерiнде белгiлейдi;
      2) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      3) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiн құрады және осы бөлiмшелер туралы ереженi бекiтедi;
      4) заңнамаға сәйкес Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ облыстық және оларға теңестiрiлген соттар төрағаларының келiсiмiмен соттар әкiмшiлерiн тағайындайды және босатады;
      5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;
      5-1) сот орындаушыларының жетондары мен эмблемаларының үлгілерін бекітеді;
      6) басқа мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынаста Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;
      8) Жоғарғы Соттың Төрағасын Комитеттiң қызметi туралы жыл сайын хабардар етiп отырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.08.23 N 387, 2010.04.09 N 970 Жарлықтарымен.
      18. Комитеттiң Комитет төрағасы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.

3. Облыстардағы соттар әкiмшiлерінiң өкiлеттiктерi

       19. Жергiлiктi соттардың қызметiн тиiстi облыстағы (Астана мен Алматы қалаларындағы) соттар әкiмшiлері қамтамасыз етедi.
      20. Соттар әкiмшiсі:
      1) соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
      2) соттардың қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      3) судьялар, сот қызметкерлерi және алқабилер үшiн тиiстi материалдық және әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
      4) соттар мен жергілікті соттар кеңселерін нормативтiк құқықтық актiлермен, заң әдебиетiмен және анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз етедi;
      5) сот статистикасын жүргізеді, іс жүргізуді және мұрағат жұмысын ұйымдастырады;
      6) соттардың үй-жайлары мен басқа да мүлкiн күзетудi ұйымдастырады, соттар көлiгi мен байланыс құралдарының үздiксiз жұмысын, шаруашылық қызметiнiң жұмысын қамтамасыз етедi;
      7) соттардың ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, сондай-ақ оларды жөндеу мен техникалық жарақтауды ұйымдастырады;
      8) сот төрағалары бекiтетiн соттардың шығыс сметаларының жобаларын әзiрлейдi және Комитеттiң тиiстi бөлiмшесiне ұсынады;
      8-1) тиісті сот төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті соттар кеңселерінің құрылымын, штат санын әзірлеп Комитетке ұсынады;
      8-2) сот орындаушылары мен сот приставтары қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      8-3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық-құқықтық актілердің шеңберінде құқықтық көмек көрсету барысында сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      8-4) атқару құжаттары бойынша борышкерлердің тыйым салынған мүлігін тасымалдау, сақтау, бағалау және сату бойынша шарттар жасасады;
      9) заңнама мен осы Ережеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      20-1. Жергілікті соттардың кеңселері судьялардың сот төрелігін іске асыру, сот тәжірибесін қорытындылау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын жүзеге асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - 2007.08.23. N 387 Жарлығымен.

4. Комитеттiң мүлкi

     21. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

     23. Комитет өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге хақысыз.
     Комитетке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкін.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

     24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы       
Президентінің           
2000 жылғы 12 қазандағы      
N 471 Жарлығымен          
бекiтiлген             

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкiмшілігі жөнiндегі комитетiнiң құрылымы

     Ескерту. Өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001.01.22. N 536 Жарлығымен.

         Басшылық
     Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментi
     Облыстардағы соттар мен соттар әкiмшілерінiң қызметiн ұйымдастыру департаментi
     Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшілері
 

О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования

Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года № 471. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 22 сентября 2010 года № 1066

     Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 22.09.2010 № 1066.

     В целях обеспечения функционирования новой системы судебного администрирования и реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года N 440 "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" постановляю:  

     1. Утвердить прилагаемые:
     1) Положение о Комитете по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан;
     2) структуру Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан.  

     2. Установить, что лимит штатной численности Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде по судебному администрированию образуется путем передачи 29 единиц из центрального аппарата Министерства юстиции, 5 единиц из аппарата Верховного Суда, 48 единиц из областных судов, 145 единиц из управлений юстиции областей, г.г. Астаны и Алматы. 

     3. Увеличить лимит штатной численности Администрации Президента Республики Казахстан на 8 единиц путем передачи указанных лимитов из центрального аппарата Министерства юстиции.  

     4. Внести изменения в следующие Указы Президента Республики Казахстан:
     1) в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года N 29 "О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан":
     в приложении 1:
     в строке "Администрация Президента Республики Казахстан" цифру "317" заменить цифрой "325";
     в строке "Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан" цифру "136" заменить цифрой "131";
     приложение 3 изложить в следующей редакции:

                             "Приложение 3
                             к Указу Президента 
                             Республики Казахстан
                             от 22 января 1999 года N 29

                 Лимит штатной численности Комитета
                 по судебному администрированию при
                 Верховном Суде Республики Казахстан

---------------------------------------------------------
Комитет по судебному администрированию при
Верховном Суде Республики Казахстан                  34
 
    Администраторы в областях, г. Астане, г. Алмате      193
---------------------------------------------------------
 

  Лимит штатной численности судов Республики Казахстан
---------------------------------------------------------
Областные суды                                       1443
Районные суды                                        5339
Военные суды                                          185
--------------------------------------------------------"

    2) (подпункт 2 утратил силу - Указом Президента РК от 11 февраля 2002 г. N 806 )
    5. Правительству Республики Казахстан в месячный срок привести свои решения в соответствие с настоящим Указом, принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.
    6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.
    7. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

    Президент
Республики Казахстан

                             Утверждено
                             Указом Президента
                             Республики Казахстан
                             от 12 октября 2000 г. N 471

      Сноска. В тексте Положения после слов "администраторы", "администраторов", "администраторами", "администратор" и "Администратор" дополнены словом "судов" - Указом  Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .

Положение
о Комитете по судебному администрированию
при Верховном Суде Республики Казахстан

                         1. Общие положения

     1. Комитет по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан (далее - Комитет) является уполномоченным государственным органом, осуществляющим организационное, материально-техническое и иное обеспечение деятельности областных, районных и приравненных к ним судов (далее - местные суды), а также обеспечивающим своевременное исполнение исполнительных документов, организационное и методическое руководство деятельностью судебных приставов, ведение судебной статистики в местных судах и организацию работ по учету, хранению, оценке и дальнейшему использованию имущества, обращенного (поступившего) в республиканскую собственность по отдельным основаниям. <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - Указами Президента РК от 22 января 2001 г. N 536 ; от 25 января 2005 г. N 1514 ; от 23 августа 2007 года N 387 ;
 

     2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан , актами Президента и Правительства Республики Казахстан, настоящим Положением, а также иными нормативными правовыми актами.
 

     3. Комитет и администраторы судов в областях, г.г. Астане и Алматы (далее - администраторы судов) образуют единую систему органов по обеспечению деятельности местных судов.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .
 

     4. Комитет и администраторы судов являются юридическими лицами в организационно-правовой форме государственных учреждений, имеют печати и штампы со своим наименованием, а также счета в банках в соответствии с законодательством .
     Комитет и администраторы судов вступают в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .
 

     5. Комитет и администраторы судов призваны способствовать укреплению самостоятельности местных судов, независимости судей при отправлении правосудия и не вправе вмешиваться в их процессуальную деятельность.
      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .
 

      6. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются Президентом Республики Казахстан по представлению Председателя Комитета.
 

     7. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.
 

     8. Юридический адрес Комитета: 010000, город Астана, район Есиль, улица Д. Конаева, дом 39.
     Сноска. Пункт 8 в редакции Указа Президента РК от 23.08.2007 N 387; с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.04.2010 № 970.

     9. Полное наименование Комитета: "Комитет по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан".  

     10. Финансирование Комитета осуществляется за счет средств республиканского бюджета.

2. Полномочия, структура и организация
деятельности Комитета

     11. Комитет:
     1) по согласованию с Председателем Верховного Суда Республики Казахстан:
     - вырабатывает предложения по образованию, реорганизации либо упразднению местных судов, общей штатной численности судей, вносит их на рассмотрение Президенту Республики Казахстан;
     - разрабатывает и представляет в Правительство предложения о финансировании местных судов, Комитета и администраторов судов;
     1-1) в пределах своей компетенции принимает нормативные правовые акты;
     2) устанавливает по представлению председателей судов штатную численность судей местных судов;
     3) принимает меры по повышению квалификации судей, работников Комитета, канцелярий местных судов и администраторов судов, организует и финансирует научные исследования в области судебной деятельности, определяет потребность местных судов в кадрах, организует их стажировку;
     4) оказывает содействие председателям судов в рассмотрении обращений граждан и организаций на действия судей местных судов;
     5) разрабатывает нормативы нагрузки судей и работников органов исполнительного производства;
     6) осуществляет работу по систематизации законодательства и обеспечивает суды нормативными правовыми актами;
     7) осуществляет работу по формированию канцелярий местных судов по представлению администраторов судов;
     8) ведет персональный учет судей и работников местных судов, а также работников Комитета;
     9) организует ведение судебной статистики, делопроизводство и работу архивов местных судов;
     10) рассматривает обращения граждан и организаций;
     11) осуществляет материально-техническое и иное обеспечение деятельности администраторов судов;
     12) организует строительство, ремонт и техническое оснащение зданий и помещений местных судов и других объектов, подведомственных судам и Комитету;
     13) контролирует расходование бюджетных средств местными судами и администраторами судов, проводит ревизии их финансово-хозяйственной деятельности;
     14) в соответствии с законодательством осуществляет иные меры по финансовому и материально-техническому обеспечению деятельности судов, администраторов судов и Квалификационной коллегии юстиции ;
     15) обеспечивает в соответствии с законодательством своевременное исполнение исполнительных документов;
     16) организует работы по учету, хранению, оценке и дальнейшему использованию имущества, обращенного (поступившего) в республиканскую собственность по отдельным основаниям. <*>
     17) осуществляет организационное и методическое руководство деятельностью судебных исполнителей;
     18) организует обеспечение своевременного исполнения судебных актов при оказании правовой помощи в рамках международно-правовых актов, ратифицированных Республикой Казахстан;
     19) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет проставление апостиля на официальных документах, исходящих из судебных органов и органов исполнительного производства.
     Сноска. В пункт 11 внесены изменения - Указом Президента РК от 22 января 2001 г. N 536 ; от 25 января 2005 г. N 1514 ; от 23 августа 2007 года N 387 .
     12. Комитет в пределах своей компетенции вправе:
     1) запрашивать в установленном порядке у государственных органов, организации и должностных лиц необходимые документы и материалы;
     2) вносить в Правительство предложения по вопросам охраны труда, материального и социального обеспечения судей местных судов, работников Комитета, канцелярий местных судов и администраторов судов;
     3) выпускать печатные издания в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
     Сноска. В пункт 12 внесены изменения - Указом Президента РК от 22 января 2001 г. N 536 ; от 23 августа 2007 года N 387 .
     13. В соответствии с законодательством организует работу судебных приставов местных судов.
     14. Комитет состоит из центрального аппарата и администраторов судов.
      Сноска. Пункт 14 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .
     15. Комитет возглавляет Председатель, который назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан по представлению Председателя Верховного Суда Республики Казахстан.
     Статус Председателя Комитета приравнивается к статусу руководителя центрального исполнительного органа, не входящего в состав Правительства.
     16. Председатель Комитета имеет заместителей, которые назначаются и освобождаются Председателем Комитета по согласованию с Председателем Верховного Суда.
     Статус заместителей Председателя Комитета приравнивается к статусу заместителей руководителей центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства.
     17. Председатель Комитета организует и руководит деятельностью Комитета и администраторов судов, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций, а также за состояние работы по противодействию коррупции.
     В этих целях Председатель Комитета:
     1) по согласованию с Председателем Верховного Суда Республики Казахстан определяет штатную численность администраторов судов в пределах лимита штатной численности, утвержденного Президентом Республики Казахстан;
     2) определяет полномочия своих заместителей и руководителей структурных подразделений Комитета;
     3) формирует структурные подразделения Комитета и утверждает положения об этих подразделениях;
     4) в соответствии с законодательством назначает и освобождает работников центрального аппарата Комитета, а также по согласованию с председателями областных и приравненных к ним судов - администраторов судов;
     5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи и наложения дисциплинарных взысканий на работников Комитета;
     5-1) утверждает образцы жетона и эмблемы судебных исполнителей;
     6) представляет Комитет в отношениях с другими государственными органами, организациями и должностными лицами;
     7) по вопросам своей компетенции издает приказы;
     8) ежегодно информирует Председателя Верховного Суда о деятельности Комитета;
     9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.
     Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 23.08.2007 N 387; от 09.04.2010 № 970.
      18. Комитет имеет коллегию, являющуюся консультативно-совещательным органом при Председателе Комитета. Численный и персональный состав коллегии, а также положение о ней утверждаются Председателем Комитета.

3. Полномочия администраторов судов в областях

     19. Деятельность местных судов обеспечивает администратор судов в соответствующей области (г.г. Астане и Алматы).
     20. Администратор судов:
     1) принимает меры по обеспечению деятельности судов;
     2) взаимодействует с государственными органами и иными организациями по вопросам обеспечения деятельности судов;
     3) принимает меры по обеспечению надлежащих материальных и социальных условий для судей, работников суда и присяжных заседателей;
     4) обеспечивает суды и канцелярии местных судов нормативными правовыми актами, юридической литературой и справочно-информационными материалами;
     5) ведет судебную статистику, организует делопроизводство и работу архива;
     6) организует охрану помещений и другого имущества судов, обеспечивает бесперебойную работу транспорта судов и средств связи, работу хозяйственной службы;
     7) организует строительство, а также ремонт и техническое оснащение зданий и помещений судов;
     8) разрабатывает проекты смет расходов судов, утверждаемые председателями судов, и представляет в соответствующее подразделение Комитета;
     8-1) по представлению председателя соответствующего суда разрабатывает и представляет в Комитет структуру, штатную численность канцелярий местных судов;
     8-2) осуществляет организационное и методическое руководство деятельностью судебных исполнителей и приставов;
     8-3) обеспечивает своевременное исполнение судебных актов при оказании правовой помощи в рамках международно-правовых актов, ратифицированных Республикой Казахстан;
     8-4) заключает договоры по транспортировке, хранению, оценке и реализации арестованного имущества должников по исполнительным документам;
     9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством и настоящим Положением.
     Сноска. Пункт 20 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .
      20-1. Канцелярии местных судов обеспечивают работу судей по отправлению правосудия, обобщению судебной практики, а также выполнению других функций суда.
     Сноска. Пункт 20-1 дополнен Указом Президента РК от 23 августа 2007 года N 387 .

  4. Имущество Комитета

     21. Комитет имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.
     22. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.
     23. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом.
     Комитету может быть предоставлено право распоряжения имуществом в случаях и пределах, установленных законодательством .

5. Реорганизация и ликвидация Комитета

     24. Реорганизация и ликвидация Комитета производится в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

                                     Утверждена
                                     Указом Президента
                                     Республики Казахстан
                                     от 12 октября 2000 г. N 471

      Структура Комитета по судебному администрированию
         при Верховном Суде Республики Казахстан

      Сноска. Внесены изменения - Указом Президента РК от 22 января 2001 г. N 536 ; от 23 августа 2007 года N 387 .

      Руководство
      Департамент финансового и материально-технического обеспечения
      Департамент организации деятельности судов и администраторов судов в областях
      Департамент по организации исполнительного производства
      Администраторы судов в областях, г.г. Астане и Алматы