Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 20 желтоқсан N 517

      Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы

қызметкерлерінің еңбекақысы мен штат санының лимитін қолданылып жүрген 
заңдарға сәйкес келтіру мақсатында қаулы етемін: 
     1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай 
өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 
1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  

U973755_

  Жарлығына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 463-құжат): 
     аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы 
қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережеде, 5-тармақта: 
     31) тармақшаның екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Аталған қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі;"; 
     32) тармақша алынып тасталсын; 
     20-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
     21-тармақтағы "(еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығыстардан басқа)" деген 
сөздер алынып тасталсын; 
     22 және 23-тармақтар алынып тасталсын; 
     2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар 
туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  

U990029_

  Жарлығына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат): 
     жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын: 
     
     "Қазақстан Республикасының 
      Бағалы қағаздар жөніндегі 
          ұлттық комиссиясы                       87". 
     


      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы" 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық

комиссиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің шешімдерін 
осы Жарлықтың талаптарына сәйкес келтірсін, осы Жарлықтан туындайтын өзге 
де шаралар қолдансын. 
     4. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады