Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы кемiнде жарты жылда бiр рет баяндап отыратын болсын.

      3. Осы Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2001 жылғы 5 қаңтардағы 
N 534 Жарлығымен    
Бекітілген       

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005
жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Бағдарламаның атауы       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң
                          2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
                          бағдарламасы

Бағдарламаны              "1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық
әзiрлеу үшін негіздеме    қауiпсiздiк стратегиясын іске асыру
                          жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы"
                          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999
                          жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 өқ
                          қаулысы

Бағдарламаның             Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк үйлестiрушiлерi           Кеңесi, Қазақстан Республикасы
                          Президентiнiң Әкiмшiлігі

Бағдарламаның             Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк негізгі әзiрлеушілерi     Кеңесiнiң Экономикалық қауiпсiздiк
                          мәселелерi жөнiндегі бөлiмi, Бас
                          Прокуратура, Ұлттық Қауiпсiздiк
                          Комитетi, Мемлекеттiк қызмет iстерi
                          жөніндегi агенттiк, Iшкi iстер
                          министрлігі, Әдiлет министрлiгi,
                          Мемлекеттiк кiрiс министрлігі,
                          Қорғаныс министрлігі, Сыртқы iстер
                          министрлігі, Бiлiм және ғылым
                          министрлігі, Мәдениет, ақпарат
                          және қоғамдық келiсiм министрлiгi,
                          Қаржы министрлiгi, Ұлттық банк, Экономика
                          және сауда министрлігі, Энергетика және
                          минералдық ресурстар министрлiгi,
                          Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
                          агенттiк, Әдiлет министрлiгiнiң
                          Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы
                          күрес жөнiндегі агенттігі, Сыртқы iстер
                          министрлігінiң Инвестиция жөнiндегі
                          комитетi, Қаржы министрлiгiнiң
                          Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі
                          комитетi, Табиғи монополияларды реттеу,
                          бәсекелестiктi қолдау және шағын бизнестi
                          қорғау жөнiндегі агенттiк

Бағдарламаны iске         - 2001-2005 жылдар:
асырудың мерзiмдерi       1-кезең - 2001-2003 жылдар,
мен кезеңдерi             2-кезең - 2003-2005 жылдар

Бағдарламаны              Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаржыландыру көздерi      қаражаттары, халықаралық ұйымдар
                          мен донор елдердiң ресурстары

2. КIРIСПЕ

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын   және Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейiнгi ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыруға бағытталған.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттiк саясат мәртебесi берiлген кезден бастап оны жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс жалпы жүйелi әрi кешендi сипатқа ие бола бастады.
      Осы Бағдарлама бұрынғылардың қисынды жалғасы бола отырып, бiрiнші кезекте, сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды, ең алдымен экономикалық салада, анықтау мен оларды жоюдың тиiмдiлiгін одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды көздейдi.
      Бағдарламаны iске асыру:
      пәрменділік пен нәтижелiлiк,
      iске асырушылық (орындаушылық),
      атаулы бағыттылық (жауапкершiлiк),
      сабақтастық,
      тұрақтылық,
      кешендiлiк,
      жүйелілік сияқты негiзгі принциптердi сақтай отырып, ұйымдастыру iс-шараларының кең ауқымды кешенiн әзiрлеу мен орындауды көздейдi.
      Бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттiк органдардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының да жауапкершiлiгiн арттыруға мән берiлiп отыр.
      Бұл жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттiк саясатты iске асырудың барысын кеңінен және объективтi көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды белсенді насихаттау мен түсiндiру, қоғамда қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк ахуалын қалыптастыру мiндетiн атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына айрықша рөл берiлiп отыр. Z980267_ Z990453_ U990321_ U973731_ U984157_ U000377_ U920684_
       Аталған проблеманы шешуде билiктiң барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының әлеуметтiк әріптестігі елдегi сыбайлас жемқорлықты күрт төмендетуге, қоғамның моральдық ұстындарын сауықтыруға бағытталуға тиiс.
      Мемлекет Қазақстанда өркениеттi қоғамды орнатуға жәрдемдесетiн халықаралық ұйымдардың көмегіне сүйенеді.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейiнгi ұлттық қауіпсiздік стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарымен, Қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасымен қатар iске асырылатын болады.

3. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КYРЕСТIҢ
ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мақсатты мемлекеттiк саясат қоғамның мұндай көрiнiстерге ымырасыздығымен қосылып, аталған проблемаға қозғау салды.
      Құқық қорғау мен арнаулы органдардың функцияларын ажырату әрi нақтылау, олардың құрылымдарын оңтайландыру олардың қызметiндегi тежеулер мен қарсы әсерлер жүйесiн жетiлдiру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылған қызметкерлердiң кәсiби өсуiне, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға көмектестi.
      Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердiң сақтандыру және алдын алу шараларын күшейтуi сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрi шабуылға шығуға мүмкіндiк туғызды. Сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейдегi көрiнiстерiн белгілі бiр дәрежеде төмендетуге қол жеттi.
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын iске асыру мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайтуға мүмкiндiк туғызды. Z990453_ U990321_
       Сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беруiне қоғамның төзбеушiлiгiнiң өскенi байқалады. Азаматтық қоғам институттары мен жұртшылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке барған сайын көптеп тартылуда.
      Елеулi саяси, экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға әкеп соғатын ең қауiптi құбылыстың бiрi бола отырып, сыбайлас жемқорлық серпiнi Қазақстанда бәсеңдеуге айналды.
      Сонымен бiр мезгілде, мемлекеттiк саясаттың бұл бағыттағы оң үрдiстерiмен қатар шешiлмеген проблемалардың да бар екенi байқалады.
      Бiрiншiден, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау сыбайлас жемқорлық арқылы құқық бұзушылыққа қарсы күрестiң бастапқы кезеңінде оң серпiлiс бердi. Алайда соңғы екi жылдағы құқық қолдану практикасы, әсiресе экономикалық процестерді, шаруашылық субъектiлерінің қызметiн құқықтық реттеу саласында бiрқатар жаңа заңдар қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң құқықтық базасын жетiлдiруге бағытталған қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттігін көрсеттi.
      Екiншiден, кең өрiстетiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белгiлi бiр дәрежеде төменгi деңгейдегi сыбайлас жемқорлықтың туындауын қысқартты. Алайда мемлекеттiк қызметшiлердiң неғұрлым биiк деңгейлерi - жоғары және орта буындары мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданып жүрген шараларымен қамтудан әлi де тыс қалып отыр.
      Мемлекеттiк органдарды қайта құрудың өзiн ақтамаған практикасы, белгiлi бiр басшының "командасын" жасақтау негiздерi бойынша кадрларды бей-берекет ауыстыру "уақытша адам" таптаурынын туғызады, сөйтiп сыбайлас жемқорлықтың белең алуына жағдай жасайды.
      Осыған байланысты мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру мен мемлекеттiк қызметшiлердi iскерлiк пен кәсiптiк қасиеттерiне қарай қабылдап, жылжыту принциптерiн енгiзу жөнiнде қосымша шаралар кешенi талап етiледi.
      Yшiншiден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң бастапқы кезеңінде мемлекеттiк органдардың қызметi оның зардаптарына қарсы күреске бағытталған болатын. Көп күш-жiгер сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен жағдайларын жою жөнiндегi жүйелi жұмысқа емес, оның жекелеген көріністерiнiң жолын кесуге жұмсалды.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң аталған кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың орта мерзiмдiк бағдарламасында, ең алдымен экономика саласында, сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды анықтау мен оның шеңберiн тарылтуға бағытталған кең ауқымды әрi нақты iс-шаралар көзделуге тиiс.
      Төртiншiден, материалдық-техникалық жабдықтаудың нашарлығы, құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерiнiң әлеуметтiк және құқықтық қорғалуының жеткiлiксiздігі, олардың өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң жеткiлiктi жоғары болуы, басқа факторлармен бiрге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның iске асырылуын белгiлi бiр дәрежеде тежеп отыр.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тiкелей қатысушы тәуелсiз сот жүйесi мен құқық қорғау органдарын едәуiр нығайту қажет.
      Бесiншiден, азаматтық қоғамның мемлекеттiк билiк органдарына сенiмінiң аздығы, халықтың құқықтық бiлiм деңгейiнiң төмендiгiнен оның әлеуметтiк белсендiлiктiң төмен болуы заңдар мен өзге де нормалардың нашар орындалуын ғана туғызып қоймай, қоғамдағы құқықтық мәдениетпен қоса құқықтық жауапкершілiктiң дамуын да тежейді, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын кеңінен қолдану дәстүрiнiң тамырлануына жәрдемдеспейдi. Осының салдары ретiнде төмендеген құқықтық иммунитет сыбайлас жемқорлық көріністерiнен халықтың жаппай жерiнуiн қалыптастыра алмай отыр.
      Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы халықты тұрақты хабардар етiп отыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау, арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын енгiзу қоғамның сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беруiне төзбеушілiк көзқарасын қалыптастыруға, билiк институттарына сенiмiнiң артуына жәрдемдесуге тиiс.
      Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiнде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл тетiктерiн жетiлдiруге бағытталған қосымша күш-жiгер жұмсау қажет. Халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары: заңдардың негіздерiн жақындастыру, құқық қорғау саласында өзара iс-қимыл, әрiптестiк көмек болуға тиiс.

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      Бағдарламаның басты мақсаты:
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиiмдi бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
      сыбайлас жемқорлық деңгейiн, мемлекет пен жеке адам өмiрiнiң барлық саласындағы оның көрiнiс беруiн төмендету;
      қоғамның мемлекет пен оның институттарына деген сенiмiн нығайту;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты тереңдету.
      Мақсатты iске асыру үшiн мынадай басым мiндеттердi шешу көзделедi:
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдi құқықтық базасын қамтамасыз ету;
      сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою үшiн мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру;
      мемлекеттiк органдардың экономикаға ең алдымен олардың рұқсат берушiлiк функцияларына қатысты бөлігінде, тiкелей араласуын қысқарту;
      мемлекеттiк экономикалық саясат тетiктерiнiң барынша ашық болуына қол жеткiзу;
      сыбайлас жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға" қарсы iс-қимыл әрекет жөнiнде батыл шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
      құқық қорғау органдары мен сот жүйесiн нығайту;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау мен iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң рөлін арттыру;
      мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың қалың жiктерiнiң қатысуын қамтамасыз ету;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ұйымдармен әлеуметтiк серiктестiктi күшейту.

5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ

      5.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң құқықтық базасын
           жетiлдiру

      Экономикалық процестердi реттеудiң түрлi саласын қамтитын әрi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң қажеттi құралдарын көздейтiн заң актiлерiн әзiрлеу және қабылдау.
      Қолданыстағы заңдардың сыбайлас жемқорлыққа жататын құқық бұзушылықтың тiзбесiн неғұрлым нақты айқындайтын жекелеген лицензиялық, рұқсат беру, тiркеу рәсiмдерiн оңайлату, мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық қорғалуын күшейту, мемлекеттiк қызметке неғұрлым жақсы даярланған кадрларды iрiктеу тетiгiн жетiлдiру, қабылданатын басқару шешiмдерiнiң ашықтығы мен жеделдiгiн қамтамасыз ету бөлiктерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Z980267_ Заңға түсiнiктеме дайындау.
      Заң жүзiнде заң жобалары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағытталған, соның iшiнде сiлтеме нормаларды жою мақсатында, реттеу мен құқықтық сараптама енгiзу.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша заңдар мен практикалық қызметтi жетiлдiруге бағытталған негiзделген ұсыныстарды талдап жасау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзу.

      5.2. Жалпы сипаттағы практикалық шаралар

      5.2.1. Мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың
             алдын алу

      Мемлекеттiк органдардың сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн шектеуге бағытталған ведомствоішілiк ұйымдастыру жоспарлары мен практикалық шаралар әзiрлеуi.
      Қолданылып жүрген заңдар мен заң жобаларында мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына мемлекеттiк активтердi бөлуге, мемлекет атынан жеңілдiктер мен артықшылықтар беруге құқық беретiн нормаларды анықтау, оларды оңайлату мен ашықтық жағына қарай өзгерту. Осы салаларда заңнама нормаларының сақталуына бақылауды бiр мезгiлде күшейту.
      Мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру.
      Мемлекеттiк қызметшiлер тәртiбiнiң этикалық нормаларын орнықтыру саясатын жалғастыру, тапсырылған жұмыс учаскесінде жеке жауапкершiлiктi арттыру.
      Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң ақшалай табысын кезең-кезеңмен елеулі түрде ұлғайту.
      Мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесінде кадрлар резервiнiң тиiмдi пайдаланылуын және ауысып отыруын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызметте өсiруде тамыр-таныстық пен топтық байланыстардың терiс әсерiн жою.
      Құқық қорғау органдары кадрларын жасақтау рәсiмiнiң ашықтығын қамтамасыз ету.
      Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзған адамдардың мемлекеттiк билiк және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарында лауазым иеленуiне, неғұрлым қатаң заңдық шектеулер қою.
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң табыстар туралы декларацияларының дұрыстығын тексеру тетiктерiн жетiлдiру.
      Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң мемлекеттiк тапсырыстар мен келiсiм-шарттар орындауға қатысу мүмкiндігін болдырмау мақсатында олар туралы деректер банкін жасау.
      Мемлекеттiк, әсiресе төменгі деңгейдегі органдар қызметтерiнің бiр бөлігін кезең-кезеңмен аймақтарға және жеке секторға беру арқылы олардың қызметтерiн бiрте-бiрте орталықтан алу. Билiктiң мемлекеттiк институттарында сайланбалылықты кеңейту, азаматтық қоғам институттарын нығайту жолымен демократиялық нормаларды енгізу.

      5.2.2. Сыбайлас жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға"
             қарсы іс-қимыл

      "Көлеңкелi экономиканы" төмендетуге ықпал етушi экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау қызметтерiнiң мейлiнше ашық және нақты реттелуiне қол жеткiзу.
      Капиталдың сыртқа кету себептерiн жою және заңнаманы тұрақтандыру, бақылау-қадағалау органдары қызметiнiң ашықтығын, әкiмшiлiк және экономикалық ықпал ету шараларын үйлесiмдi сәйкестендiру арқылы бұл қаражаттың ұлттық экономиканың нақты секторына қайтарылуы үшiн жағдай жасау.
      Iшкi рынокта отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. Инвестициялардың, ең алдымен отандық капиталдың ел экономикасының өндiрiстiк саласына келуiн ынталандыру.
      Бюджет саласын нығайту. Бюджет тапшылығын азайту, бюджет тәртiбiн нығайту және бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейде нақты және iске асырылатын бюджеттерге көшудi қамтамасыз ету.
      Рынок тапшылығын кезең-кезеңмен жоюды жүзеге асыру және инфляцияны реттелетiн мөлшерге дейін төмендету үшiн шаралар қолдану.
      Салық заңнамасына ынталандырушы, әдiл және реттеушi сипат беру.
      Қолдағы ақша айналымын азайтуға, соның iшiнде тауар-ақша қатынасында есеп айырысудың электрондық технологиясын кеңiнен пайдалануды ынталандыру жолымен жағдайлар жасау.
      Заңсыз жинақталған капиталды "тазартуға" жәрдемдесетiн тетiктер мен жағдайларды жою.
      Ақшалай қаражатты заңсыз "қолма-қол ақшаға айналдыру" тетiгiн анықтау және құқықтық шектеу қою.
      Валюта және экспорт-импорт операцияларына бақылаудың пәрмендiлiгiн арттыру. Осындай операцияларды кепілді қамтамасыз ету (сақтандыру) шараларын қолдану. Осы мәселе бойынша мемлекетаралық келiсiм негiзiн кеңейту.
      Концессиялық келiсiмдердiң, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқаруға беру туралы, мемлекет қаражатын пайдалану туралы келiсiмдердiң дайындалуын және орындалуын тексеру және мәндi бақылау. Мемлекеттiк қаражат пен мүлiктердiң тозуы мен есептен шығарылуын бақылауды қамтамасыз ету.
      Қаржы-өнеркәсiп топтарының қаржы қызметiне кешендi банктiк бақылау енгiзу.
      Экономикалық қызметтiң барлық салаларында барлық меншiк нысандарының тең экономикалық және құқықтық жұмыс істеуiн қамтамасыз ету.
      Кеден рәсiмдерiн жүргiзуде экспорттық және импорттық келiсiм-шарттардың тиеу алдындағы тәуелсiз инспекциясы жүйесiн енгiзу.
      Шекара арқылы жүретiн, соның ішiнде транзиттiк жүктер туралы шектес мемлекеттермен бiрыңғай ақпараттық жүйелер жасау.

      5.2.3. Мемлекеттiк экономикалық саясат тетiктерiнiң
             ашықтығын қамтамасыз ету

      Мемлекеттiк органдардың шешiмдер қабылдау және оларды жұртшылыққа жеткiзу рәсiмдерiн нақты құқықтық регламенттеу. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының осы рәсiмдердiң сақталуына жеке жауапкершілiгін белгілеу.
      Мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі конкурстарды, жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткiзу жүйелерiн жетiлдіру.
      Мемлекеттiк қаражатты, шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлдiгімен алынған займдарды пайдалану тетiктерiнiң ашықтығын қамтамасыз ету.
      Биржа жұмысын және бағалы қағаздар рыногын жетiлдiру.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету саласында монополияны азайту және бәсекелестiк тудыру.
      Ұлттық компаниялар мен табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржы қызметiнiң қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп беруді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды тәжiрибеге енгізу.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн келiсiмдер мен келiсiм-шарттарды жария түрде бұзуды, рұқсаттар мен тiркеу актiлерiн жария түрде алуды тәжiрибеге енгiзу.
      Елiмiздiң несиеге қабiлетсiз және қаржы жағынан орнықсыз кәсiпорындарының кадастрiн жасау.
      Шетелдiк компаниялармен жасасатын келiсiм-шарттардың ашықтығын және олардың орындалу барысы туралы материалдарды жариялап отыруды қамтамасыз ету.
      Тiкелей инвестицияларға жеңілдiк беру тетiгi туралы жариялау және түсiндiру жұмыстарын жүргізу.
      Мемлекеттiң тәуелсiз сыртқы және ішкi қаржы аудитi жүйесiн жетiлдiру.
      Азаматтардың көпшiлiгiнiң мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық және әкiмшiлiк ақпаратқа, соның iшiнде ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.

      5.2.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң аймақтық
             бағдарламалары

      Бағдарламаны iске асыру үшiн аймақтық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiстi бағдарламалары әзiрленiп, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтедi, оларда аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттiң негiзгi бағыттары, қаржыландыру көздерi айқындалып, оны iске асырудың iс-шаралары жасалады.

      5.3. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесiн нығайту

      Құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерiнiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асыру.
      Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн көтеру, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгiзу.
      Кадрларды ірiктеу даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру. Даярланған кадрлардың құқық қорғау органдарынан кетуiне қарсы тұратын, кәсiби қабiлеттi ұйытқы топты қалыптастыру мен нығайтуды қамтамасыз ететiн жағдай ретiнде институционалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу үшiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң өзектi мәселелерiне ғылыми-практикалық зерттеулерді үнемi жүргізiп отыру.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы табысты iске асқан елдерде қазақстандық мамандардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру.

      5.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты
           насихаттау

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны iске асыру барысы туралы жұртшылықты үнемi хабардар етiп отыру.
      Қоғамда сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiктi қалыптастыру, мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi қолданылып жүрген заңнама ережелерiн түсiндiру.
      Меншiк нысандары мен ведомстволық қарастылығына қарамастан, республикадағы жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсiлдерi жөнiнде лекциялар курсын енгiзу.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында аймақтарды, салаларды, ведомстволарды өзара салыстыруға мүмкiндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейi индекстерiн жасау, үнемi қолдану және пайдалану.
      Мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастығы.
      Құқық қорғау органдарының беделi мен рөлiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеру, кең ауқымды насихаттау жолымен азаматтардың заңды мойындаушылық, заң бұзушыларға, соның iшiнде сыбайлас жемқорларға төзбеушiлiк сезiмдерiн тәрбиелеу.
      Басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты iске асырылған бағдарламаларды танымал ету.

      5.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық
           ынтымақтастықты дамыту

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында шет мемлекеттермен, халықаралық және өзге де үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту.
      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерiнiң және шет мемлекеттердiң осындай ұқсас құрылымдарымен өзара iс-қимылын кеңейту, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бiрлескен іс-шараларды жүзеге асыру.
      Халықаралық бағдарламаларға қатысу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған халықаралық келiсiмдер жасасу.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiне, кадрлар даярлау мен қайта даярлауда тәжiрибе алмасуда, перспективалы бағдарламалар әзiрлеуде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi халықаралық кездесулер мен жиындар жұмысына қазақстандық мамандардың қатысуына қолдау көрсету үшiн халықаралық ұйымдардан және донор елдерден техникалық және өзге де көмек тарту.
      Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетiлдiру процесiне халықаралық ұйымдарды сарапшы ретiнде тартудың пәрмендi тетігін әзiрлеу және енгізу. Бұл ұйымдардың республикада осы мәселе бойынша iске асырып жатқан оқу бағдарламаларына, жиындарына жан-жақты қолдау көрсету.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ұлттық заңдардың (бiрiнші кезекте ТМД-ға қатысушы мемлекеттер) экономикаға мемлекеттің қатысуындағы, бухгалтерлiк есептің халықаралық стандарттарын енгізудегi, кадрлар даярлаудағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар әзiрлеудегi өзара iс-қимылында, насихаттау шараларын жасау мен іске асыру мәселелерi бөлігінде түйiстiру.
      "Көлеңкелi экономикаға" және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн зерделеу, қорыту және енгізу.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIГІ

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен әзiрленетiн болады. Жоспарда нақты шаралар, орындалу кезеңдерi мен мерзiмдерi, жауапты құрылымдар, қаржыландыру көздерi айқындалады. Жоспардың нақты тармақтарын іске асыруда үйлестiру мен өзара іс-қимыл жасау үшiн негізгі орындаушылары мен бiрлесiп орындаушылары айқындалған мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен тұратын жұмыс тобы құрылуы мүмкiн.
      Iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына кедергі болатын себептер пайда болған кезде, орындаушы үйлестiрушiлермен келісiм бойынша Yкiметке оларды iске асыру мерзiмдерiн өзгерту не орындаудан алып тастау туралы ұсыныстар енгізедi.
      Бағдарламаның iске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

7. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      Бағдарламаның қаржылай шығындарды талап ететiн iс-шараларын iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражат есебiнен әрбiр мемлекеттiк органға тиiстi жылға бөлiнген сома шегiнде, сыртқы қарыз алу, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан және донор елдерден техникалық және консультациялық көмек желiсi бойынша тартылған ресурстар есебінен жүргізiледі.

8. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН
КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР

      Саяси күтулер:
      билiкке сенiмдi нығайту;
      жекелеген топтық мүдделердiң мемлекеттiк саясатқа сәйкес келмейтiн, басқару шешімдерiн қабылдауға ықпалын төмендету;
      халықаралық аренада елдің беделiн нығайту;
      нақты саяси бәсекелестiктi күшейту, демократиялық институттардың әлсiреу қатерiн азайту.
      Экономикалық күтулер:
      көлеңкелi экономиканың әрекет ету аясын тарылту, салық түсiмдерiн ұлғайту, бюджет саласын нығайту;
      нақты бәсекелестiк тетiктерiнiң iске қосылуы, қоғамда нарық идеяларының нығаюы;
      жеке меншік иелерінің, бірінші кезекте шағын және орта бизнестегі санының өсуі;
      "үстеме шығыстар" деп аталатындарды жою есебiнен бағалардың тұрақтануы;
      кәсiпкерлiк ортада атқарушы билiктiң қабiлетiне сенiмдi нығайту, "ойынның адал ережелерiн" қалыптастыру және сақтау.
      Әлеуметтiк күтулер:
      мемлекет пен қоғам өмiрiн реттеудiң негiзгi құралы ретiнде құқықты қалпына келтiру, азаматтардың қылмыскерлерден қорғалу сезiмін нығайту;
      мүлiктiк теңсiздiктiң өсiп, әрi оның салдарынан кедейлiктiң өсуi, халықтың люмпендiк жағдайға түсу қарқынын, әлеуметтiк қақтығыстардың пайда болу ықтималдылығын төмендету;
      құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлықтың, ұйымдасқан қылмыстың азаюы;
      әлеуметтiк шиеленiстiң азаюы, елдегі әлеуметтiк және саяси тұрлаулылықтың нығаюы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады