Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 5 қарашадағы N 3731.

      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясының негiзгi қағидаларын iске асыру, ұлттық қауiпсiздiктi нығайту, мемлекеттiң құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерiнiң құрылымын оңтайландыру, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3), 21) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:

     

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Барлау департаментiнiң базасында Қазақстан Республикасының "Барлау" Қызметi - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн сыртқы барлау органы құрылсын.

     

      2. Қазақстан Республикасы "Барлау" қызметiнiң директорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн. U090739

     

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi оның:

      жауапты мемлекеттiк қызметтер атқаратын тұлғалардың, әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдарының, арнаулы қызметтер қызметкерлерi мен судьялардың сыбайлас, жемқорлығына байланысты ұйымдасқан қылмысқа, сондай-ақ қылмыстық қауымдастықтар жүзеге асыратын контрабандаға және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне;

      ұйымдасқан және экономикалық қылмыстың өзге де нысандарына қарсы күрес жөнiндегi өкiлеттiктерi Iшкi iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

     

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) 1997 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мыналарды:

      - ұлттық қауiпсiздiк пен iшкi iстер органдарына осы Жарлықтың 3-тармағына сәйкес олардың қарауына берiлетiн қылмыстар туралы iстер жөнiндегi анықтау мен алдын ала тергеу құқығын берудi;

      - заңдар мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және қабылдау кезiнде қиянат жасаушылық мүмкiндiгiн болдырмайтын сүйемелдеп өткiзу тәртiбiн реттеудi;

      - сыбайлас жемқорлықпен байланысты актiлердiң, шешiмдер мен мәмiлелердiң заңдық күшi жоқ және жарамсыз деп тануды;

      - мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының iрi ақшалай шығыстарына бақылау орнату және заңсыз табылған ақша мен өзге де мүлiктi заңдастыруға ("тазартуға") жол бермеу мақсатында өзге де қаржылық бақылау шараларын қолдануды;

      - мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау мен қызметке жоғарылату туралы мәселенi шешу кезiнде оларды арнайы тексерудiң мiндеттiлiгiн;

      - заңдарға осы Жарлықтан туындайтын өзге де өзгерiстер мен толықтыруларды көздейтiн заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне табыс ететiн болсын:

      2) екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығымен келiсе отырып, таратылатын Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң штат санын, ғимараттарын, оқу орындарын, материалдық-техникалық құралдары мен өзге де мүлкiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiне, оларға қылмысқа қарсы күрес жөнiнде берiлетiн өкiлеттiктердiң көлемiне сәйкес, берудi жүргiзетiн болсын;

      3) бiр ай мерзiмде лицензиялар мен өзге де рұқсат түрлерiн беруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың санын қысқартуды, сондай-ақ мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын бөлiп беру функцияларын қысқартуды көздейтiн шешiмдер қабылдасын, заңды және жеке тұлғалар арасында ақшалай аударым арқылы есеп айырысу нысандарын қолдану аясын кеңейту жөнiнде нақты шаралар қолдансын;

      4) 1997 жылғы 1 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу деңгейiн арттыруды, олардың әлеуметтiк қорғалуының өзге де кепiлдiктерiн, қызметiне, әлеуметтiк-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетiлу жөнiнде қалыпты жағдай туғызуды, нарық жағдайы мен мемлекеттiк қызмет режимiне сай келетiн өтемақылық төлемдердiң нормативтерiн көздейтiн, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың белсендi позициясын қалыптастыруға жәрдемдесетiн ынталандыру сипатындағы шаралар кешенiн әзiрлеу туралы ұсыныстар енгiзсiн;

      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      6) осы Жарлықтан туындайтын басқа да шараларды қолданатын болсын.

     

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бiр ай мерзiмде:

      "Барлау" қызметiнiң Директорымен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметi туралы ереженi Республика президентiнiң қарауына енгiзетiн болсын;

      Республика Президентiнiң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

     

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығымен келiсе отырып, 1997 жылғы 1 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасы "Барлау" қызметiнiң мiндеттерi мен функцияларының көлемiне сәйкес оған штат санын ғимараттарды, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлiктi беретiн болсын.

     

      7. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесi мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық көпжақты және екi жақты келiсiмдер жасасу және Қазақстанның аталған қылмыстық көрiнiстерге қарсы күрес жөнiндегi халықаралық бағдарламаларға қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

     

      8. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдасқан қылмыс нысандары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiнде қолданылып отырған шаралардың ұдайы жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      9. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      10. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады