Алматы қаласында және Қарағанды облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 16 қаңтар N 535

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы қаласында және Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының соттары үшін бекітілген штат саны шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкілетті мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылсын.
      Ескерту. Атауы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.02.09. N 803 жарлығымен .

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады