Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Азиялық Даму Банкіне мүшелігі туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 1496 U941496_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкінің Басқарушысы қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі Жақсыбек
Әбдірахметұлы Құлекеев Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкінің
Басқарушысы қызметіне тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы
Досаев Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкі Басқарушысының орынбасары
қызметіне тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.