Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 13 ақпан N 557. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.07.05. N 140 жарлығымен.

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975  Жарлығына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге: 
      1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурор және Әділет министрі (олар болмаған жағдайда - аталған лауазымды тұлғалардың орынбасарлары) кіреді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін"; 
      2) 9-тармақта "бір жыл" сөздері "алты ай" сөздерімен алмастырылсын; 
      3) 17-тармақта: 
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1) өлім жазасына кесілген адамдарға қатысты - Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы Сотына және Бас прокуратурасына; 
      2) бас бостандығына айыруға және басқа жаза шараларына сотталған адамдарға қатысты - олардың орындалуын басқаратын органдарға жіберіледі."; 
      3) тармақша алынып тасталсын; 
      4) 11, 13, 15, 20-тармақтардағы "Азаматтық және кешірім жасау мәселелері жөніндегі бөлімі" деген сөздер "Мемлекеттік-құқық бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын. 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.      

      Қазақстан Республикасының 
     Президенті 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады