Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы N 3228 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 12 сәуір N 582

      Жекелеген әскери құралымдар мен арнаулы әскерлер құрылымындағы, сондай-ақ атауларындағы өзгерістерге байланысты қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі және Республикалық ұланның әскери нышандары туралы" N 3228 U963228_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізсін:
      1) Жарлықтың атауы мен мәтініндегі "Шекара әскерлерінің", "Шекара әскерлері" сөздері тиісінше "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 1-тармақтың 2) тармақшасындағы, 2-тармақтың 2) тармақшасындағы, 3-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үкіметтік байланыстар бөлімдерінің", "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үкіметтік байланыстар бөлімдері" сөздері "Республикалық ұланның" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) 3-тармақтың 1) және 3) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің", "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі" сөздері тиісінше "Республикалық ұланның", "Республикалық ұлан" сөздерімен ауыстырылсын;
      4) 5-тармақтың:
      1) және 4) тармақшаларындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының" сөздері "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары-Шекара қызметі директоры" сөздерімен ауыстырылсын, "Республика Президентінің Күзет қызметі бастығы-Республикалық ұлан қолбасшысының", "мен Республика Президентінің Күзет қызметі бастығы - Республикалық ұлан қолбасшысы" сөздері тиісінше "Республикалық ұлан қолбасшысының" және "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығы, Республикалық ұлан қолбасшысы" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитетінің" сөздері "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық аппаратының" сөздерімен ауыстырылсын;
      5) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері нышаны мен туының сипаттамаларындағы "Шекара әскерлерінің" сөздері "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      6) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің корабльдері мен кемелері әскери-теңіз тулары сипаттамаларындағы:
      "Шекара әскерлерінің" сөздері "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының" сөздері "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының" сөздерімен ауыстырылсын;
      "Шекара әскерлері Штабының бастығы" сөздері "Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің Шекара қызметі Бас штабы бастығының" сөздерімен ауыстырылсын. 
     "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі 
мемлекеттік комитеті" сөздері "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік 
комитеті Шекара қызметінің" сөздерімен ауыстырылсын. 
     2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан 
Республикасының Республикалық ұланы өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес 
келтірсін. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады