Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 11 мамыр N 605

      Мемлекеттiк қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
      2) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кадр резервiне есепке алынған азаматтар бiр жыл iшiнде лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санатының лауазымына бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген әрi олардың келiсiмi болған жағдайда конкурстан өтпей тағайындалуы мүмкiн.";
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Уәкiлеттi органның резервшiнiң өтiнiшi бойынша, ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшiн оны кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар".
      15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер конкурстың нәтижесiнде бос қызмет орнына орналасуға үмiткер анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысы кадр резервiне есепке алуға ұсыныла алмайды.";
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Ереженiң 21-тармағында аталған азаматтар үшiн тиiстi санаттар лауазымдарының кадр резервiне есепке алыну құқығы мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды бiтiрген сәттен бастап туындайды және олар үшiн үш ай бойы сақталады.".
      33-тармақта:
      "хақы бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "салу" деген сөз "салады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Мемлекеттiк орган әкiмшiлiк қызметтiң бос лауазымына резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдаған кезде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатурасын бiрiншi кезекте қарайды.
      Кадр резервiнде лауазымдардың осы санатына немесе мемлекеттiк органның бос лауазым үшiн белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған немесе резервшiмен әңгiмелесу нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, мемлекеттiк органның конкурс өткiзуге құқығы бар.
      Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi органды он күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.";
      3) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде өздерiнiң бұрын қабылдаған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
             Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады