"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы есебін қарап, қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі "Артур Андерсен" аудиторлық фирмасының қорытындысы ескеріле отырып, шоғырландырылған баланс валютасының сомасы 356 697,6 млн. теңге және таза табысының сомасы 11 484,5 млн. теңге болып бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2000 жылғы есепті жарияласын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті