Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 13 қараша N 720

      "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығына сәйкес келтiру мақсатында қаулы етемін: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат):
     жоғарыда аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:
     "Қазақстан Республикасының
     Бағалы қағаздар жөнiндегi
     Ұлттық комиссиясы                                    87"
     деген жолдар алып тасталсын;
     2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.12. N  201 жарлығымен.
      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      4) "Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат): 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде: 
      ", Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның төрағасы" деген сөздер алып тасталсын; 
      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
     6) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.01.17. N 1284 жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің  2004.01.17. N 1284; 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 
     2. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық  комиссиясының мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2019 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 3, 25-құжат; N 28, 330-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Президенті 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады