Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің компьютерлік ақпарат саласындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 25 маусымдағы N 897 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. 2001 жылғы 1 маусымда Минск қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің компьютерлік ақпарат саласындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Келісім ҚР 09.12.2019 № 277-VI Заңына сәйкес өзінің қолданысын тоқтатады (қолданысқа енгізілу тәртібін 17-баптан қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады