Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 15 тамыз N 924. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен.

      " Қазақстан Республикасының Президентi туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн беруге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына  мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
      "6-2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау органы ретiндегi негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) жинақтаушы зейнетақы жүйесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
      2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерiн қорғау.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру;";
      15-1-тармақтың 8) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;";
      мынадай мазмұндағы 15-2-тармақпен толықтырылсын:
      "15-2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау жөнiндегі функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы басшы лауазымдарға үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру тәртiбiн белгiлейдi;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
      5) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жүйесiн реттеудi жүзеге асырады;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi;
      7) өз құзыретi шегiнде жинақталған зейнетақы қаражатының түзiлуiн және мақсатқа сай пайдаланылуын бақылайды;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн бекiтедi;
      9) таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi;
      10) өз құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге де ұйымдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратуға және алуға құқылы;
      12) мемлекеттiк және коммерциялық құпияны бiлдiретiн ақпараттың сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есебiнiң құпиялылығын қамтамасыз етедi;
      13) жинақтаушы зейнетақы қорларының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
      14) жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық және статистикалық есептерiн қарайды;
      15) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерiктi таратуға рұқсат бередi;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңнаманы бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын қолданады;
      17) алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн белгiлейдi және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асырады;
      18) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиiстi негізгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлейдi;
      19) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";
      17-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;
      24-тармақта:
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн қалыптастыру және дамыту саласындағы басым бағыттарды белгiлеу";
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "22) қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi реттейтiн және қадағалайтын ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептiң үлгi шоттары жоспарын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бухгалтерлiк есеп стандарттарын және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды бекiту";
      32-1) тармақшада:
      бiрiншi абзацта "шарттары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "таратылатын мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, зейнетақы шарттары бойынша оның мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру;
      мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы лауазымдарына үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру;
      алушылардың жеке шоттарындағы зейнетақы қаражатын есепке алу және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiне және жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық кiрiстiң есептелуiне бақылауды жүзеге асыру;";
      32-2) тармақшаның төртiншi абзацындағы "туралы шешiм қабылдау" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi кезеңiнде дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамына тiкелей немесе жанама ие болу, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру;
      зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша лицензияларды беру, қайтарып алу және күшiн тоқтата тұру;
      мемлекеттiк кәсiпорындарға және акциялар пакетi немесе мемлекеттiң үлесi бар ұйымдарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына олардың құрылтайшылары және акционерлерi ретiнде қатысу үшiн рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;";
      32-3) тармақшада:
      екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн, қаржы тұрақтылығының өлшемдерiн есептеу әдiстемесiн және қолдану принциптерiн, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары үшiн қаржы тұрақтылығы өлшемдерiнiң шектi мәндерiн;";
      төртiншi абзацтағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталуға тиісті негiзгi құжаттарының тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн белгiлеу;";
      32-4) тармақшаның үшiншi абзацындағы "белгiлеу" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерiне және мамандарына, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталының мөлшерiне және құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;";
      27-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) республикада және шет елдерде банк және сақтандыру жұмысының барлық мәселелерi бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлi бола алады;";
      30-тармақта:
      20-2) тармақшаның жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары қызметкерлерiне, бағалы қағаздармен - сауда-саттық ұйымдастырушыларға және жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерiне бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жаңарту туралы шешiм қабылдайды";
      мынадай мазмұндағы 20-5) - 20-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20-5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарынан және инвестициялық кiрiстен процент түрiнде алатын комиссиялық сыйақылардың шектеулi көлемiн белгiлейдi;
     20-6) мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға және корпоративтiк түрден ашық түрге өзгертуге, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi түрде таратуға рұқсат бередi;
     20-7) жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi;";
     2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымында:
     1. "Орталық аппарат" бөлiмiнде:
     реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Қаржы қадағалау департаментi";
     реттiк нөмiрлерi 5-1 және 5-2-жолдар алынып тасталсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

     Астана, 2002 жылғы 15 тамыз
             N 924

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады