Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 972 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 3-тармақтағы "1 сәуірге" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов                 - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы              Экономика және бюджеттік
                             жоспарлау министрі;

Нағманов                   - Қазақстан Республикасының Көлік
Қажымұрат Ыбырайұлы          және коммуникациялар министрі;

      мына жолдар:

"Павлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич          Министрінің орынбасары -
                             Қазақстан Республикасының Қаржы
                             министрі, төрағаның орынбасары",

"Есенбаев                  - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы            Экономика және сауда министрі",

"Кәкімжанов                - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы        Мемлекеттік кіріс министрі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Павлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич          Министрінің бірінші орынбасары,
                             төрағаның орынбасары",

"Есенбаев                  - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы            Индустрия және сауда министрі",

"Кәкімжанов                - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы        Қаржы министрі";

      аталған Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы, Мырзахметов Абылай Исабекұлы;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      8-тармақтағы "Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады