Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1006 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарының қалдықтарына өтем жасау мақсатында қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарының "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамында қолданыстағы шоттарда сақтаулы бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдарына өтем жасауды жүргізсін. Өтем жасауға 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтары жатады.
      2. Өтем жасау КСРО Қазақ республикалық жинақ банкіндегі салымдар қалдықтары бойынша мемлекеттік ішкі қарызды:
      1) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1936 жылдан 1940 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі бір жылдық;
      2) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1941 жылдан бастап 1960 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі екі жылдық;
      3) мұраға қалған салымдарды ескере отырып, 1961 жылдан бастап 1991 жыл қоса есептелетін аралықта туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына айналым мерзімі үш жылдық мемлекеттік арнайы өтемақылық қазынашылық облигацияларға қайта ресімдеу арқылы жүргізілсін.
      3. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкіндегі салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2941 Жарлығына ;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкінде 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 жасқа жеткен азаматтардың салымдарына өтем жасау туралы" 1996 жылғы 20 мамырдағы N 2988 Жарлығына сәйкес өтем жасалған салымдар өтеуге жатпайды.
      4. Өтеу сомасын есептеу 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымдардың қалдықтарын кейіннен өтеу сомасын мемлекеттік арнайы өтемақылық қазынашылық облигациялар шығарылған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен есептеп, ескеріп, 1992 жылғы 3 қаңтардағы биржалық бағамен долларлық эквивалентке қайта есептеу арқылы жүргізілсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасауға байланысты шығыстарды көздесін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады