"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде:
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"корпоративтік табыс салығы";
8-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы "осы Ереженің" деген сөздердің алдынан "бюджет заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Қорды республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге пайдалану Қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі бойынша жүргізіледі.";
22-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті