Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 1022 жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "және оған жапсарлас" деген сөздер ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "аумақта" деген сөз "аумақтың бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті


  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2003 жылғы 11 ақпандағы
N 1022 Жарлығына
қосымша
"Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағы туралы" Ережеге
1-қосымша

      "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы

      аумағының жоспары

      (қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады