Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 1064 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .

        Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039  Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Георгий Владимирович Ким тағайындалсын;
      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қожағалиев Асқар Орынбасарұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Көпенова Бақыт Қайыркешқызы енгізілсін;
      Комиссия құрамынан С.Б.Тоқпақбаев, Ю.В.Окшин, Р.Ж.Мұқашев шығарылсын.

      2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады