Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есепті бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 1072 жарлығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылғы 7 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы 2002 жылғы есеп және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады