Басқа мемлекеттер аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне қосымша кепілдіктер белгілеу мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575
Жарлығына
мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) атқаратын лауазымы бойынша көзделген ай сайынғы ақшалай үлесі үш есе арттырылады.
Басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге 16-қосымшаға сәйкес I-VI тарифтік разрядтар бойынша лауазымдық жалақылар және әскери қызметшілер үшін осы Жарлықта көзделген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін тиісті үстемақылар төленеді;
9) басқа мемлекеттердің аумағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін тікелей орындайтын әскери қызметшілердің барлық санаттарына ұрыс қимылдарына (ұрыс ұшуларына) тікелей қатысқаны үшін ұрыс қимылдарына қатысқан әрбір күніне 3,0 коэффициентімен осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген көтеріңкі ақшалай үлес төленеді.".