Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру мәселелерін шешу кезіндегі өзара қатынастарды реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында Халықаралық қылмыстық соттың билігіне адамдарды тапсыру туралы келісім жасасуға уәкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті