Қаулы етемін:
1. Чех Республикасының, Эстон Республикасының, Кипр Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Венгрия Республикасының, Мальта Республикасының, Польша Республикасының, Словения Республикасының және Словак Республикасының Еуропалық Одаққа кіруін назарға ала отырып, бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік орнататын Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Васильевич Жигаловқа Қазақстан Республикасының атынан Хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті