Республикада темір жол көлігінің қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан темір жолының 100 жылдығы құрметіне қаулы етемін:
1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі туралы
ереже
;
2) "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалінің
сипаттамасы
бекітілсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі
N 1353 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
"Қазақстан темір жолына 100 жыл"
мерекелік медалі туралы ереже
1. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) республикада темір жол көлігінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтар наградталады.
2. Мерекелік медальмен наградтауды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі жүргізеді.
3. Мерекелік медальмен наградтау туралы қолдаухатты ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі белгілейді.
4. Мерекелік медальді тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, "
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы
" акционерлік қоғамының президенті, облыстардың, Астана және Алматы қаласының әкімдері мен осыған уәкілеттік берілген өзге де лауазымды тұлғалар жүргізеді.
5. Әрбір наградталған адамға мерекелік медаль тапсырумен бір мезгілде тиісті куәлік беріледі.
6. Мерекелік медальді тапсыру жүргізілгені туралы белгіленген нысандағы хаттама жасалады. Ол медальді тапсырған адамның қойған қолымен, тапсыру жүргізген органның мөрімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жолданады.
7. "Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік наградалары
бар болса, олардан кейін орналасады.
N990090
8. Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдарды тапсыру барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 29 сәуірдегі
N 1353 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
"Қазақстан темір жолына 100 жыл"
мерекелік медалінің сипаттамасы
"Қазақстан темір жолына 100 жыл" мерекелік медалі жезден жасалады, диаметрі 34 мм және қалыңдығы 2,5 мм шеңбер пішінді болады. Медальдің бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасының контур картасының аясында рельсте тұрған паровоз бен қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнесі орналасқан. Контур картасы Қазақстан Республикасы
астанасының
орналасқан жері баса көрсетілген көгілдір түсті эмальмен бейнеленген. Бейненің төменгі жағында 1904-2004 датасы орналасқан.
Медальдың сырт жағында (реверсінде) "Қазақстан темір жолына 100 жыл. 100 лет железной дороге Казахстана" жазуы орналастырылған. Төменгі жағында қазақтың ұлттық оюының өрнегі бейнеленген.
Медаль сақина мен құлақша арқылы жиектері бойында алтын және ақ түсті тік жолақтары бар көгілдір түстегі қатқыл лентамен тысталған биіктігі 55 мм және ені 34 мм тағанға жалғанады. Тағанның сырт жағында қапсырма құлыпты түйреуіш бекітілген.