Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 1361 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.08.2010  № 1037Жарлығымен.

      Қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 109-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн, тақырыптағы және 1 мен 2-тармақтардағы "уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      1 және 2-тармақтардағы "iске асырудың тәртiбi жөнiндегi Еpeжe" деген сөздер "iске асыру ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "Ережеде белгiленген" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы ", мемлекеттiк комитеттерi" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақ "мемлекеттiк органдар" деген сөзден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгінің тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "мемлекеттiк органдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру тәртiбi туралы ережеде:
      тақырыпта және 1-тармақта:
      "тәртiбi туралы Ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын, "Осы Ереже" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;

      "уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. "Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері" (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың шешімдері) деген ұғыммен халықаралық ұйымдар органдарының олардың жарғылық құжаттарында көзделген тәртiппен қабылдаған шешiмдерi түсiндiрiледі";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шарттарда және уағдаластықтарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде айқындалған мәселелер өздерінің құзiретіне енетін Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының органдары) және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары аталған шарттар мен қол жеткiзiлген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша Қазақстан тарапы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын тiкелей қамтамасыз етедi. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының органдары белгiленген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екi апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты iс-шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының ұсыныстарын қорытындылауды қамтамасыз етедi, екi апта мерзiмде нақты мерзiмдер мен тiкелей орындаушыларды көрсете отырып, жасалған шарттарды, қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне енгiзедi";

      6-тармақ алынып тасталсын;

      7-тармақтағы "Yкiметiнiң қаулысымен" деген сөздер "Премьер-Министрiнiң өкiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8, 10, 11, 12-тармақтардағы "қол жеткен уағдаластықтарды", "уағдаластықтарды", "қол жеткен уағдаластықтардың", "қол жеткен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн", ", сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгi өз жұмысында "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304  қаулысымен бекiтiлген Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi басшылыққа алады".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады