Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 1413 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiн қайта ұйымдастыру туралы" 2004 жылғы 9 маусымдағы N 1382  Жарлығына  сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат, 2003 ж., N 12, 132-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      аталған Жарлықтың 1-қосымшасында:

      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
      peттeу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегі агенттiгi     573
      оның iшiнде аумақтық органдар                             408"

      деген жол алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігінің мәселелерi" туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141  Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат; N 41, 427-құжат; 2004 ж., N 21, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады