Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы N 1474 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 948 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 30, 328-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеде:

      15-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен істі сотта қарауда қатысуға;

      2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа немесе прокуратураға заңды күшіне енген сот шешімін, үкімін, соттың ұйғарымын немесе қаулысын тексеру туралы қолдаухатпен жүгінуге;

      2-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шағымдарын қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты өзге жолмен алған кезде осы мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу ұсынысымен Парламент палаталарына жүгінуге;

      2-4) адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысуға;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық іс қозғау туралы, сондай-ақ материалдық немесе моральдық залалды өтеу шараларын қолдану туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады