Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 948 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы Жарлық 01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 948 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына:

      "

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

12

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, оның ішінде өкілдіктер

104

      ".

      2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      3. "Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығында:

      3-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық";

      В-1 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты), Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппараты, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары";

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының бас инспекторы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы";

      С санаттарының тобында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы";

      1-сілтеменің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа";

      "Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктері";

      С-О-1 санатында:

      "Кеден басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толтырылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі".

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруға
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 992 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі ̶ Ұлттық орталық) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкiлдің (бұдан әрі - Уәкіл) қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгедей қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме және оның жұмыс органы болып табылады.

      2. Ұлттық орталықтың облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өкілдіктері болады.

      3. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ұлттық орталық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банк мекемелерінде тиісті шоттары болады.

      5. Ұлттық орталық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық орталыққа уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Ұлттық орталық заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Ұлттық орталық басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Ұлттық орталықтың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

      10. Осы Ереже Ұлттық орталықтың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Ұлттық орталықтың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Ұлттық орталықтың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Ұлттық орталықтың кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Ұлттық орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің міндеттеріне Уәкілдің адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және ілгерілету жөніндегі қызметін қамтамасыз ету жатады.

      Ұлттық орталық Уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асырады және оның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өкілдіктері болады. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің құрылымын Уәкіл бекітеді.

      14. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Уәкілдің қызметіне байланысты құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан сұрату және алу;

      азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыру;

      Уәкілдің және оның өкілдерінің, Ұлттық орталықтың немесе оның өкілдіктерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) міндеттері:

      Уәкілдің және оның өкілдерінің адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсынымдарының, өтінішхаттары мен ұсыныстарының жобаларын дайындау және оларды мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына және ұйымдарға, лауазымды адамдарға жіберуді ұйымдастыру;

      Уәкіл мен оның өкілінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған ұйымдар мен мекемелерге баруын қамтамасыз ету;

      Уәкілдің азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін үйлестіру, олардың қажетті әлеуеті мен кәсіби білімін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету;

      Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында құқықтық ағартуға жәрдемдесу, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен және мамандармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Уәкілдің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктер.

      15. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін Уәкілдің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау;

      2) Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы баяндамасының жобасын, сондай-ақ арнаулы баяндамаларды дайындау және оларды тарату;

      3) Уәкіл мен оның өкілдерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары жұмыс топтарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысатын өзге де іс-шараларға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар немесе астана мәслихаттары сессияларының жалпы отырыстарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, мемлекеттік органдарда құрылатын алқалы және өзге де органдардың отырыстарына қатысуын ұйымдастыру;

      4) Уәкілдің Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға енгізуі үшін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын әзірлеу;

      5) Уәкілдің уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру туралы өтінішхаттарын дайындау;

      6) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына енгізу үшін Уәкілдің ұсыныстарын әзірлеу;

      7) Уәкілдің атынан ұлттық алдын алу тетігінің басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Уәкілдің және оның өкілдерінің атынан және олардың тапсырмасы бойынша азаматтармен, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен, мемлекеттік органдармен, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      9) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау нәтижелері бойынша ұсыныстарды дайындау және Уәкілге және оның өкілдеріне енгізу;

      10) Уәкілдің және Ұлттық орталық басшысының актілері негізінде өзге де функциялар.

3-тарау. Ұлттық орталық басшысының және Уәкіл өкілдерінің мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Ұлттық орталықты басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Ұлттық орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Ұлттық орталықтың өкілдігін басқаруды Уәкілдің өкілі жүзеге асырады, ол Ұлттық орталықтың өкілдігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      Ұлттық орталықтың басшысы және Уәкілдің өкілдері болмаған кезеңде олардың өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға және Уәкілдің актілеріне сәйкес оларды алмастыратын адамдар жүзеге асырады.

      17. Ұлттық орталықтың басшысын және Уәкілдің өкілдерін Уәкіл лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Ұлттық орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Уәкілдің келісімі бойынша өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      19. Ұлттық орталық басшысының өкілеттіктері:

      1) Ұлттық орталықтың жұмысын басқаруды және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Ұлттық орталық өкілдіктерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      2) актілердің жобаларын:

      шағымдарды қарау тәртібін;

      Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      Уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені;

      ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

      алдын алу тұрғысынан бару үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар жасақтау тәртібін;

      алдын алу тұрғысынан бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      Уәкілдің рәмізі мен жалауының ережесі мен сипаттамасын;

      Уәкілдің баяндамаларын дайындау және тарату тәртібін;

      Уәкіл өкілдерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді және Уәкілдің бекітуіне енгізеді;

      3) өз құзыреті шегінде Ұлттық орталықтың атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер шығарады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық орталықтың және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктерінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық орталықтың және оның өкілдіктерінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

      6) Уәкілдің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдеріне тәртіптік жазалар қолдану және көтермелеу шараларын қолдану туралы ұсынуларды Уәкілдің қарауына енгізеді;

      7) Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің қызметкерлерін, сондай-ақ Уәкілдің өкілдерін мемлекеттік наградалармен наградтау туралы ұсынулар бойынша ұсыныстарды Уәкілге енгізеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Ұлттық орталықтың атынан өкілдік етеді;

      9) Уәкілмен келісім бойынша және Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің бекітілген құрылымына сәйкес Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің штат кестесін бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Уәкілдің өкілі бекітілген функционалдық міндеттерге және осы Ережеге сәйкес Ұлттық орталық өкілдігінің қызметін басқарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. Ұлттық орталықтың мүлкі

      21. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Ұлттық орталықтың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Ұлттық орталықтың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Ұлттық орталыққа бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Ұлттық орталық өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Ұлттық орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұлттық орталыққа қарайтын облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдіктердің тізбесі:

      1) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігі;

      2) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақмола облысы бойынша өкілдігі;

      3) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі;

      4) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы облысы бойынша өкілдігі;

      5) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі;

      6) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      7) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігі;

      8) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Жетісу облысы бойынша өкілдігі;

      9) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қарағанды облысы бойынша өкілдігі;

      10) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қостанай облысы бойынша өкілдігі;

      11) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігі;

      12) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі;

      13) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Павлодар облысы бойынша өкілдігі;

      14) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      15) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігі;

      16) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілдігі;

      17) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі;

      18) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі;

      19) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі;

      20) Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігі.

      _______________________

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 948 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығының 2-тармағы.

      2. "Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 тамыздағы № 168 Жарлығы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.

      ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады