Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 1530 Жарлығы. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен.

      Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "2007" деген цифрлар "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде 1-тармақтағы "1052,6" деген цифрлар "1566,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге арналған жоспарға осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады