Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің (қаржы полициясының) мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 1557 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен. (қолданысқа енгізілу тәртібін Ескертпе *-ден қараңыз).

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) туралы ереже;
      2) Агенттік құрылымы;
      3) мемлекеттiк органдардың - Агенттіктің аумақтық органдары мен оқу орындарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат; N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат; N 21, 267-құжат; N 27, 334-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      1-тармақта "1-3" деген цифрлар "1-4" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 1557 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi
(қаржы полициясы) туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгі (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарда шоттары болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Агенттіктiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
      4. Агенттік құрылымын және жалпы штат санын Агенттік Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      5. Агенттіктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Омаров көшесi, 60.
      6. Агенттіктiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесi.
      7. Агенттіктiң құрылтай құжаты Осы Ереже болып табылады.
      8. Агенттік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттіктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан Агенттікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Негiзгi мiндеттерi

      9. Агенттіктің негізгі мiндеттерi:
      1) өкiлеттiктерi шегінде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздігін, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнің заңды құқықтары мен мүдделерiн, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету;
      2) сыбайлас жемқорлық, экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
      3) сыбайлас жемқорлық пен экономика саласындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      4) қаржы полициясы органдарының жүргізу жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

3-тарау. Агенттiктiң негiзгi функциялары және
құқықтары

      10. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
      1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
      қаржы полициясы органдары қызметінiң басым бағыттарын, оларды iске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетiктерiн анықтайды;
      заңмен белгіленген өз өкiлеттілiктерi шегінде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдiстерiн жетiлдiредi, жедел-iздестіру қызметiнiң стратегиясы мен тактикасын айқындайды;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды жүзеге асырады:
      қаржы полициясының органдары, оқу орындары және өзге де ведомствоға бағынысты мекемелер қызметiнiң негізгі бағыттары бойынша олардың қызметіне басшылықты, оны үйлестiрудi және iс-қимылдардың келiсiмділігін қамтамасыз ететiн функцияларды, оларға практикалық, әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша жалпы республикалық, өңiрлiк жедел-іздестіру мен алдын алу iс-шараларын үйлестірудi және жүргізуді, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнiнде оңтайлы шешiмдер тұжырымдауды, қаржы полициясының аумақтық органдары мен оқу орындарына практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетудi, оң жұмыс тәжiрибесiн қорыту мен таратуды жүзеге асырады;
      қаржы полициясы органдары қызметінiң тиiмдiлігін арттыру жөнiнде шаралар тұжырымдайды және iске асырады;
       жедел-іздестіру қызметті анықтауды және алдын ала тергеудi жүзеге асырады, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестіру, әкiмшiлiк, тергеу қызметi мен анықтау практикасына талдау жасайды, республикадағы жедел жағдайға болжау құрайды, қаржы полициясы органдарының араласуын талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдайды;
      Қазақстан Республикасының Президентiн экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің жай-күйi туралы тұрақты хабардар етедi;
      қаржы полициясы органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық iстер және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне орай қойылған талап-арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде оларды iздестірудi жүзеге асырады;  
      қаржы полициясы органдары қызметiнiң өзектi бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзiрленiмдер жүргізудi ұйымдастырады;
      экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша шет мемлекеттердiң тиiсті органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және өз өкiлеттiктерi шегінде халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
      қаржы полициясы органдарының құрылымын жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды, қаржы полициясы органдарының, оқу орындарының және өзге де ведомствоға қарасты мекемелерiнiң өзара, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылын жақсарту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.
      11. Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне қаржы полициясының органдарын, оқу орындары мен ведомстволық бағынысты мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ қаржы полициясы органдарын ұйымдық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық нығайту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттің экономикалық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мәселелерi және қаржы полициясы органдарының қызметiне қатысты өзге де мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге қатысуға;
      3) жедел-iздестіру қызметiнанықтауды және алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
      4) өндiрiстегі материалдар мен қылмыстық iстер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге де мәлiметтерге қол жеткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалардан, жеке тұлғалардан оларды берудi талап етуге, олардың көшiрмелерiн түсiруге, түсiнiктемелер алуға;
      5) өндiрiстегі қылмыстық iстер бойынша шақырғанға келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;
      6) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргізу заңнамасына және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлiктi алып қоюды немесе алуды жүргізуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тиiстi түрдегi уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
      8) Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi хаттамаға түсiруге және қарауға, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шаралар қолдануға;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкiлетті органдардан және лауазымды тұлғалардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерiстер, аудит және баға беру жүргізудi талап етуге;
      11) қаржы полициясы органдарына жүктелген мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйелер құруға және қолдануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, iс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыруға;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      13) қылмыстар мен өзге де жолсыздықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға орындауы үшiн мiндеттi ұйғарым, ұсыным беруге;
      14) аумақтық қаржы полициясы органдарының, оқу орындарының және өзге де ведомствоға бағынысты мекемелердiң жұмысын бақылауға құқығы бар.

4-тарау. Агенттiк мүлкi

      12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      13. Агенттікке бекітiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      14. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлігі өз бетінше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгіленген жағдайлар мен шектерде ғана мүлiкке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

5-тарау. Агенттік қызметін ұйымдастыру

      15. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның төрт орынбасары, соның iшiнде оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бiр бiрiншi орынбасары болады.
      16. Төраға Агенттiк жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өз құзыретi шегінде шешiмдер қабылдауда дербес және Агенттіктiң қызметi үшін дербес жауапты болады.
      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      1) Агенттікке басшылықты жүзеге асырады;
      2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiк атынан өкiлдiк етедi;
      3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және басқа да ведомствоға бағынысты мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындары басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды;
      5) өз өкiлеттіктерi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомствоға бағынысты мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимиттi шегінде қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң және оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;
      7) мiндеттi арнайы тексеруден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадрлар құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;
      8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) Қазақстан Республикасының Президентiне қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын беру туралы, оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізедi;
      10) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптік жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Агенттік Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Төрағаның тапсыруы бойынша бiрiншi орынбасары немесе орынбасарларының бipeуi атқарады.
      19. Агенттіктiң Төраға жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттік Төрағасы, әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды тұлғалар арасынан бекiтедi. Төраға алқа отырыстарын дайындау мен өткiзу тәртiбiн белгілейдi.

6-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және
тарату

      20. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 1557 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң
(қаржы полициясы)
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Ұйымдастыру-бақылау департаментi - инспекция
      Ақпараттық-талдау департаментi
      Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментi
      Арнайы департамент
      Сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу департаментi
      Тергеу департаментi
      Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментi
      Iшкi қауiпсiздiк басқармасы
      Кадрлар басқармасы
      Құпиялықты қамтамасыз ету және құжат айналымы басқармасы
      Қаржы-шаруашылық басқармасы

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 1557 Жарлығымен    
БЕКIТIЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) мемлекеттік мекемелері -
аумақтық органдарының және оқу орындарының
ТIЗБЕСI

      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң (қаржы полициясының) Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң (қаржы полициясының) Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      5. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      6. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң (қаржы полициясының) Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      7. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      8. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң (қаржы полициясының) Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      9. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      10. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы).
      11. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      12. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      13. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      14. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгінiң (қаржы полициясының) Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      15. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігiнiң (қаржы полициясының) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы).
      16. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясының) Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментi (қаржы полициясы).
      17. Қаржы полициясы академиясы.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2005 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 1557 Жарлығына    
ҚОСЫМША         
 

Қазақстан Республикасы 
Президентінiң    
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына    
4-ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдарының
ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары     3945,

соның iшiнде:

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)                                        338,

қаржы полициясының аумақтық органдары                   3447,

Қаржы полициясы академиясы                               160

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады