Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

        1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.07.05. N  140 жарлығымен.

      2. Мына актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
      "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153  Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 42-43, 381-құжат; 2003 ж., N 1, 1-құжат);

      "Қазақстан Республикасында ұлттық лотерея ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223  өкiмi (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 430-құжат).

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады