Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N 1582 Жарлығы

ҚР ПҮАЖ-ында және     
республикалық баспасөзде 
жариялануға тиіс     

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 1042  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 11, 125-құжат; 2004 ж., N 15, 183-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

Балиева                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Зағипа Яхияқызы             министрі,

Жарбосынова               - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мәдина Бинешқызы            істер министрлігінің ерекше
                            тапсырмалар жөніндегі елшісі,

Мефодий (Немцов           - Қазақстандағы Астана және Алматы
Николай Федорович)          Орыс православие шіркеуінің
                            митрополиті (келісім бойынша),

Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Зауытбек Қауысбекұлы        министрі,

Юрченко                   - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Раиса Николаевна            Сотының қылмыстық істер жөніндегі
                            алқасының төрайымы

      енгізілсін;

"Әбішев                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Тастемір Дәуітұлы           Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
                            Адам құқықтары жөніндегі комиссия
                            хатшылығының сектор меңгерушісі,
                            Комиссия хатшысы",

"Нұрғалиева               - Қазақ гуманитарлық-заң университеті
Еңлік Нұрғалиқызы           еңбек және экология құқығы кафедрасының
                            меңгерушісі (келісім бойынша)",

"Шалахметов               - "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)
Ғаділбек Мінәжұлы           ұлттық компаниясы" ААҚ президенті
                            (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбішев                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Тастемір Дәуітұлы           Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси
                            бөлімінің сектор меңгерушісі
                            (Комиссия хатшысы)",

"Нұрғалиева               - Алматы заң академиясының ректоры
Еңлік Нұрғалиқызы           (келісім бойынша)",

"Шалахметов               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ғаділбек Мінәжұлы           Мәжілісінің депутаты
                            (келісім бойынша)";

      аталған Комиссияның құрамынан: Қ.Қ.Әбусейітов, С.А.Болдин, О.И.Жұмабеков, И.И.Отто, С.Д.Тасмағамбетов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады