Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздiгi мiндеттерiн шешуге ғарыш технологиялары мен техникасының қосатын үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітiлген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасында:
1 "Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:
"Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздері" деген кiшi бөлiмде:
"44364,3", "44064,3", "2679,9", "1732,6" деген цифрлар тиісінше "62768,72", "62468,72", "2179,9", "2232,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"МиГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құруға байланысты қаржы шығындары 18404,422 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. теңге;";
"Күтiлетiн нәтижелер" деген кішi бөлімнiң 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"МиГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру;";
2 "Кiрiспе" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
"АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi;";
5 "Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi" деген бөлімнiң 5.1-кiшi бөлімі 5.1.2-тармағының бесiнші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"МиГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру жолымен жүзеге асырылады.";
"Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
кестеде:
реттiк нөмiрi 2-жолда "Республикалық бюджет қаражаты (млн. теңге)" деген бағандағы "30670,6" деген цифрлар "49075,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолда "Республикалық бюджет қаражаты (млн. теңге)" деген бағандағы "44064,3" деген цифрлар "62468,72" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мәтінде:
бiрiншi, екiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржы шығындары барлығы 62768,72 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджет барлығы 62468,72 млн. теңге, оның ішiнде 2005 жылы - 14861,2 млн. теңге.";
"Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржы шығындары 5582,1 млн. теңгені құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1169,6 млн. теңге. Көрсетiлген жұмыс түрлерiне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестиция тарту жоспарланып отыр, оның iшiнде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"МиГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құруға байланысты қаржы шығындары 18404,422 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. теңге.";
7 "Бағдарламаны iске асырудан күтілетін нәтижелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"МиГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенi құрылады;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті