Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 68 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Президент пен Үкімет 
актілерінің жинағында"
жариялануға тиіс   

      Қазақстанның саяси жүйесiн жаңарту және елiмiздегi демократиялық өзгерiстердi тереңдету мәселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттiк комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Мемлекеттiк комиссия туралы ереже ;
      2) Мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 2 қарашадағы N 1467 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 44, 544-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4.Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы 20 наурыздағы
N 68 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН    

Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар
бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрi - Мемлекеттiк комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Мемлекеттiк комиссия әз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi

      4. Мемлекеттік комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау;
      2) қоғамдық-саяси жүйенiң демократиялық негiздерiнiң даму барысын талдау, қоғам мен мемлекеттiң одан әрi саяси жаңаруына бағытталған заңнамалық және өзге де шараларды тұжырымдау;
      3) мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының саяси жүйенi жаңартуға бағытталған шараларды тұжырымдау мен iске асыру жөнiндегi келiсiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету;
      4) демократиялық өзгерiстердi талқылау мен iске асыруға жағдай жасау және оған жалпыұлттық қатысуды ұйымдастыру болып табылады.

3. Мемлекеттiк комиссияның өкiлеттiктерi

      5. Мемлекеттiк комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
      демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының жобасын әзiрлейдi;
      Қазақстанның саяси жүйесiн одан әрi демократияландыруға байланысты мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк   құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ ұсынымдарды енгiзедi;
      өз қызметiнiң жекелеген мәселелерi мен бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау үшiн жұмыс топтарын құрады;
      Мемлекеттiк комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте мамандарды, ғалымдар мен сарапшыларды, соның iшiнде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерiн тартады; P990901 P010836
      Мемлекеттiк комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi құжаттар мен материалдарды мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан сұратады және алады;
      Мемлекеттiк комиссия құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасайды;
      Мемлекеттiк комиссия қызметiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар басшылары мен өзге де лауазымды тұлғаларды тыңдайды;
      Мемлекеттiк комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды;
      статистикалық, талдамалық, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды қарау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарға жiбередi;
      Мемлекеттiк комиссияның мiндеттерiнен туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырады.

4. Мемлекеттiк комиссияның құрамы

      6. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнен құралады.

      7. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi болып табылады.
      Төраға:
      Мемлекеттiк комиссияның қызметiне жалпы басшылық жасайды, оның жұмыс жоспарын бекiтедi;
      Мемлекеттiк комиссия отырыстарының өтетiн орны мен уақытын белгiлейдi;
      Мемлекеттiк комиссия отырыстарына төрағалық етедi;
      Мемлекеттiк комиссия төрағасы орынбасарының мiндеттерiн айқындайды.

      8. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, Мемлекеттiк комиссия төрағасының мiндеттерiн, соның iшiнде Мемлекеттiк комиссия отырыстарында төрағалық етудi оның орынбасары атқарады.

      9. Төрағаның орынбасары төраға, осы ереже және Мемлекеттік комиссия жұмысының регламентi (ол қабылданған жағдайда) айқындап берген өз құзыретiнiң шегiнде Мемлекеттік комиссияның қызметiмен байланысты мәселелермен айналысады.

      10. Мемлекеттiк комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы; Парламент палаталары төрағаларының орынбасарлары; тiркелген саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң басшылығынан, Қазақстан Республикасы Парламентiндегi депутаттық фракциялардың басшылығынан бiр өкiлден; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қос палатасының депутаттары; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлдерi; қоғам қайраткерлерi және ел Президентi айқындайтын өзге де адамдар кiредi.

5. Мемлекеттiк комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      11. Мемлекеттiк комиссияның жұмысы оның отырыстарын, соның iшiнде өңiрлерге шығып өткiзiлетiн отырыстарын, жұмыс топтарының отырыстары мен "дөңгелек үстелдер" өткiзу, конференциялар мен өзге де iс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттiк комиссияның отырыстары (бұдан әрi - отырыс) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Отырысқа Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда, ол заңдық құқылы болып табылады.

      13. Отырысқа төрағалық етушi:
      отырыстың күн тәртiбi мен жұмысының ретi туралы хабардар етедi;
      отырыстың осы ережеге сәйкес жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      ұсыныстардың түсу ретiне орай шығып сөйлеу үшiн сөз бередi, ал қажет болған жағдайларда ондай өзгерiстiң себебiн хабарлай отырып сөйлеу кезегiн өзгертедi;
      отырыстағы талқылаудың қорытындысын шығарады және хаттамаға қол қояды.

      14. Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi:
      Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жетілдiру, соның iшiнде Мемлекеттiк комиссия жұмысының жоспары, оның отырыстарының күн тәртiбi мен мәселелердi талқылау ретi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына материалдарды, оның шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға және Мемлекеттiк комиссия қарайтын мәселелердi талқылауға қатысады.
      Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң өз өкілеттiктерiн басқа адамдарға беру құқығы болмайды және оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      15. Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады, отырыста ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      Мемлекеттiк комиссияның шешiмдерi отырысқа қатысып отырған Мемлекеттiк комиссия мyшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады.
      Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең түскен жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
      Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда өзiнiң ерекше пiкiрiн айтуға хақылы.

      16. Мемлекеттiк комиссияның отырысына төрағалық етушiнiң шешiмiмен Мемлекеттiк комиссия құрамына кiрмейтiн Парламент депутаттары, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшылар шақырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк комиссияның отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.

      17. Мемлекеттiк комиссия осы ережеде көзделмеген, оның жұмысының ұйымдастырушылық мәселелерiн реттейтiн регламент қабылдауға хақылы.

      18. Мемлекеттiк комиссияның қызметiн ақпараттық-сараптау және ұйымдық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi болып табылады.
      Мемлекеттiк комиссияның жұмыс органы:
      Мемлекеттiк комиссияның жұмыс жоспарының жобасын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      Мемлекеттiк комиссия мүшелерiнiң ұсыныстары мен ол бұрын қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде отырыстардың күн тәртiбiнiң жобасын түзедi;
      Мемлекеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      Мемлекеттiк комиссияның мүшелерiне Мемлекеттiк комиссияның кезектi отырысының өтетiн орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарлайды, оларды қажеттi ақпараттық-анықтамалық материалдармен дер кезiнде қамтамасыз етедi;
      жұмыс топтарының қызметiн, конференциялар мен "дөңгелек үстелдер" өткiзудi ұйымдастырады;
      Мемлекеттiк комиссияның ұсынымдарын тиiстi мемлекеттiк органдарға қарауға жiбередi.

      19. Мемлекеттiк комиссияның төрағасы не оның орынбасары Мемлекеттiк комиссияның мүшелерiн қабылданған шешiмдердiң iске асырылу барысы туралы ұдайы хабардар етiп отырады.

      20. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар Мемлекеттiк комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.

      21. Мемлекеттiк комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2006 жылғы 20 наурыздағы
N 68 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН    

      Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар
  бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк
                          комиссияның
                            ҚҰРАМЫ

Назарбаев                    - Қазақстан Республикасының
Нұрсұлтан Әбiшұлы              Президентi, төраға

Әбдiкәрiмов                  - Қазақстан Республикасының
Оралбай                        Мемлекеттiк хатшысы, төрағаның
                               орынбасары

            Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi:

Әбділдин                     - Қазақстанның Коммунистiк
Серикболсын Әбдiлдаұлы         партиясының бiрiншi хатшысы
                               (келiсiм бойынша)

Әуезов                       - Республикалық ұлттық кiтапхананың
Мұрат Мұхтарұлы                бас директоры (келiсiм бойынша)

Ахметов                      - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi
Серiк Нығметұлы                мен жұмыс берушілерiнiң жалпыұлттық
                               одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң
                               атқарушы директоры (келiсiм бойынша)

Бәйменов                     - Қазақстанның "Ақ жол"
Әлихан Мұхамедияұлы            демократиялық партиясының төрағасы
                               (келiсiм бойынша)

Дьяченко                       Қазақстан Республикасы Парламентi
Сергей Александрович         - Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары
                               (келiсiм бойынша)

Ертiсбаев                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ермұхамет Қабиденұлы           ақпарат және спорт министрi

Жағанова                       Республикалық "Руханият"
Алтыншаш Қайыржанқызы        - партиясының төрайымы (келiсiм
                               бойынша)

Жолдасбеков                  - Президенттiк мәдениет орталығының
Мырзатай                       директоры

Жұмағұлов                    - Республикалық "Отан" саяси
Бақытжан Тұрсынұлы             партиясы төрағасының мiндетiн
                               атқарушы (келiсiм бойынша)

Қалиев                       - Қазақстанның "Ауыл" социал-
Ғани Әлiмұлы                   демократиялық партиясының төрағасы
                               (келiсiм бойынша)

Қасымов                      - Қазақстанның Патриоттар
Ғани Есенгелдiұлы              партиясының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)

Кенжин                       - Қазақстан Коммунистiк халық
Төлеш Әукебайұлы               партиясының Орталық комитетiнiң
                               хатшысы (келiсiм бойынша)

Клебанова                    - Қазақстан Республикасы Парламентi
Дарья Владимировна             Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм
                               бойынша)

Көпеев                       - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мұхамбет Жұманазарұлы          Сенаты Төрағасының орынбасары
                               (келiсiм бойынша)

Мадинов                      - Қазақстан Республикасы Парламентi
Ромин Ризұлы                   Мәжiлiсiнiң депутаты, Қазақстанның
                               Аграрлық партиясының төрағасы,
                               "АИСТ" қоғамдық бiрлестiгiнiң
                               депутаттық фракциясының жетекшiсi
                               (келiсiм бойынша)

Мұқашев                      - Қазақстан кәсiподақтары
Сиязбек Өнербекұлы             федерациясының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)

Назарбаева                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Дариға Нұрсұлтанқызы           Мәжiлiсiнiң депутаты, Республикалық
                               "Асар" партиясының төрайымы (келiсiм
                               бойынша)

Нәрiкбаев                    - Қазақстанның Демократиялық
Мақсұт Сұлтанұлы               партиясының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)

Оразалинов                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Шәймерден Әбiлмәжiнұлы         Мәжiлiсiнiң депутаты, Республикалық
                               "Отан" саяси партиясы депутаттық
                               фракциясы жетекшiсiнiң орынбасары
                               (келiсiм бойынша)

Өтемұратов                   - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Болат Жәмитұлы                 Кеңесiнiң Хатшысы

Перуашев                     - Қазақстанның Азаматтық партиясы
Азат Тұрлыбекұлы               Орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы
                               (келiсiм бойынша)

Рогов                        - Қазақстан Республикасы
Игорь Иванович                 Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы

Сиврюкова                    - Қазақстанның үкiметтiк емес
Валентина Андреевна            ұйымдары конфедерациясының
                               президентi - Қазақстанның Азаматтық
                               альянсының президентi (келiсiм
                               бойынша)

Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының
Олжас Омарұлы                  ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкiлi

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасы Парламентi
Қуаныш Сұлтанұлы               Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Тәжин                        - Қазақстан Республикасы Президентi
Марат Мұхамбетқазыұлы          Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi
                               орынбасары

Терещенко                    - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Сергей Александрович           төрағасының орынбасары

Тұяқбай                      - "Әдiлеттi Қазақстан үшiн"
Жармахан Айтбайұлы             қозғалысының төрағасы (келiсiм
                               бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады