Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 76 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .

        ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Байсейітұлы Ақылбай енгізілсін (келісім бойынша);

      мына жолдағы:

      "Әбілхатаев            - Қазақстан Республикасы
      Марат Кәрімұлы           Президенті Әкімшілігінің
                               Мемлекеттік-құқық басқармасы
                               Құқық қорғау қызметі бөлімінің
                               меңгерушісі, төрағаның орынбасары"
"Мемлекеттік-құқық басқармасы Құқық қорғау қызметі" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері" деген сөздермен алмастырылсын;

      аталған Комиссия құрамынан: Б.З.Әшитов, А.О.Қожағалиев шығарылсын;

      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта "Мемлекеттік-құқық басқармасы" деген сөздер "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады